Қазақстандықтар қалайтын айлық қанша?

Қазақстандықтар қалайтын айлық қанша?

2013 жылдың қаңтар айында жұмыс іздеушілерден алынған сауалнама бойынша, 150-200 мың теңге оларды толықтай қанағаттандырады екен. Бұл туралы Kapital.kz жазды.

HeadHunter зерттеу орталығының хабарлауынша, жұмыс іздеушілердің көп бөлігі 26-35 жастағы азаматтар болып шыққан (41 пайыз). Жұмыс іздеуде елімізде ерлерге қарағанда әйелдер қауымы 6 пайызға көбірек екені анықталды.

Биыл түйіндеме (резюме) жазғандардың көбі (42 пайызы) ағылшынша білетіндіктерін айтқан. Ал 1/3 бөлігі ағылшын тілін өте жоғары деңгейде білетіндігін жазыпты. Жұмыс іздеушілердің 20 пайызға жуығы оқуды жаңа бітірген жас мамандар екен. Ең көп ізделген жұмыс саласы: «сауда», «бухгалтерия», «басқару ісі және қаржы». Ал «әкімшілік қызмет», «транспорт, логистика» маманы боламын деушілердің үлесі 7-ақ пайызды құраған. Бір жұмыс орнына 84 адам үмітті екенін де HeadHunter зерттеу орталығы айтып отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: news.mail.ru

А. Құлтай