Алматыдағы қыдыратын орындар... (II бөлім)

Алматыдағы қыдыратын орындар... (II бөлім)

"Қиял әлемі" саябағы

Абай даңығылы 50-ші үйде (Хамит Ерғали жағалауы мен Орталық Цриктің жанында) орналасқан "Қиял әлемі" саябағы да қызыққа толы. Алматы саябақтарында сирек кездесетін аттракциондар жинытығы да осында. Саябақ 1997 жылы 29 желтоқсанда ашылған. Аттракциондары саны қырық шамасында. 

Саябақттың жоғары және төмен жақтарында екі дәмхана бар. Байланыс телефондары - 3945599, 3945699, 247 6111. Жұмыс тәртібі - Дс. - Жк. 09:00-23:00. Бағасы - 1300 теңге. Саябаққа қарай 44, 35, 34, 25, 128 номерлі автобустар қатынайды.

 

Family саябағы

Абай көшесінде (Саин көшесі мен Алтынсарин даңғылы арасында) орналасқан бұл саябақ күн сайын 07:00–23:00 уақыттарда жұмыс жасайды. Байланыс телефондары - 2760348, 2763038

Отбасы мүшелеріне таптырмас орын саналатын саябаққа келушілердің саны көп. Түрлі көңіл көтеретін аттракциондарға мініп, қаланы дәл үстінен көру бәрінің де орындалған арманы емес. 

Көктем шығысымен-ақ жаңа ата бастаған бүршіктер кез келген жанға қуаныш сыйлайды. Сол сыйдан сіз де қапы қалмаңыз. 

Мұнда 35, 105, 25, 92, 118 нөмірлі автобустар арқылы жетуге болады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: yvision.kz, ilovealmaty.kz

А. Әбілхан