Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматыдағы қыдыратын орындар... (I бөлім)

Алматыдағы қыдыратын орындар... (I бөлім)

Алматыдағы қыдыратын орындар... (I  бөлім)

Қол ұстасып бірге серуен құратын орын іздесеңіз, уайымға салынбаңыз. Біз сіздерге Алматы қаласында орналасқан ең көрнекті саябақтар мен демалыс орындары жайында ақпарат береміз. 

Тұңғыш президент саябағы

2010 жылдың шілде айында ғана ашылған саябақ әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан. Алматыдағы ең үлкен субұрқақ осы саябақтың еншісінде. Түрлі түстермен астасып, классикалық музыкамен айналаға сән берген судың сұлулығына куә болғыңыз келсе, сүйікті қалаңыздың ең әсем саябағында еркін тыныстап серуен құрғыңыз келсе, осында ат басын бұрыңыз. Бірінші Президент атындағы саябаққа мына автобустармен жетуге болады: 27, 28, 32, 63, 67, 86, 93, 98, 121, 125, 135, 136.

Горький саябағы

Алматынаң ең көрікті мекендерінің бірі саналатын Горький саябағы Гоголь көшесінде орналасқан. Ол 1928 жылы 12 тамызда құрылған ескі саябақ. Саябақ ішін ғажайып пойызбан аралап шығуға зор мүмкіндігіңіз бар.

Қылқалам шеберлері сырлы бояумен сіздің  екінші "сыңарыңызды" жасап шығарады

Байланыс телефоны - +7 (727) 382-30-82

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы

Саябақ Алматы қаласының Медеу ауданында, 18 га жерді алып, Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерінің арасында орналасқан. 

Саябақтың шығыс жағында Ықылас атындағы Халықтық аспаптар көрмесі, Офицерлер үйі, Жауынгерлер – интернационалистер ескерткіші, және Даңқ мемориалы мен Мәңгі алау орналасқан. Түс кезінде саябақ ішінде адам қолынан тамақтанып жатқан тиіндерді көруге болады.

Салқын кезде құстар сіздердің қолдарыңыздан шемішке шоқып жейді. Оның үстіне көгершіндер еш қорықпай сіздердің иықтарыңызға отырып, қолдарыңыздан тағам алады. Сонымен қатар саябақта аттарға, пони және арбаға мініп айналаны бір аралап шығуға да мүмкіндіктеріңіз жоқ емес.

Көктөбе


Көктөбе көп төбенің бірі емес, ол Алматының ең қа­дірлі жерлерінің бірі. Мұнда көбіне өздеріңіздей жастар көп жиналады. Сырттан, әсіресе, шетелден келген қонақ­тар Көктөбеге соқпай кетпейді. Көктөбе - Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. 

Байланыс телефондары - 320-12-01, 320-13-16 

Көктөбеге тартулы арқан арқылы әуеде қалықтап жеткіңіз келсе, Достық даңғылында ("Арман" кинотеатрының жанында) орналасқан нысанға келіңіз.

Жұмыс жасау уақыты - 11.00 - 24.00. Бағасы - 1000 теңге. Микроавтобуспен 300 теңге төлеп шыға аласыз. Ал 500 теңге берсеңіз, қайтарда да жаяу түспейсіз. 7 жасқа толмаған балалар үшін кіру ақысы тегін. Ал егер жаяу түсіп-шықпақ болсаңыз, 100 теңге төлейсіз. 

Мұнда «Fast Coaster» аттракционы, алма белгісімен сәнделген "Тілектер" су бұрқағы және "Юрта" мейрамханасы бар. 

Көктөбеде Алматыны алақаныңызға салып, серуен құрғыңыз келсе, әсіресе түн кезінде келіңіздер. Өйткені түнгі қала көрінісі сіз күткеннен де әдемі. 

Жалғасы бар

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер саябақтардың жеке сайттарынан алынды 

 

6824 10
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 наурыз 2013, 09:49
Пікірлер
+0
06 наурыз 2013, 10:29

Сағындым Алматымды. Менің тоздырғаным Панфилов паркі мен Президент саябағы еді. Демалыс күндері жаңа үйленгендер қаптайтын екеуінде де.

+0
06 наурыз 2013, 10:36

Президент саябағы мен панфиловшылар саябағы өте ыстық.

+0
06 наурыз 2013, 10:42

Ох дәл қазір қыдырғым кеп кетті ғой

+0
06 наурыз 2013, 10:48

Кыздар мерекелеринизбен! Менинде баргым келип кетти гой. Жазда бармасам...демалысымда.

+0
06 наурыз 2013, 11:15

Саябаққа бармағалы көп болды

+0
06 наурыз 2013, 11:50

біз екеуміз бәйшешектей ерте гүлдедік, қол ұстасып бақыт жырын шертеміз дедік. қарсы жүріп үйренсек те қар мен жаңбырға, бірақ қарсы тұра алмадық асау тағдырға.

+0
06 наурыз 2013, 19:29

Аллах қаласа келесі жылы 1-курс студенті болғанда тамашалаймыз бұйыртса!!!!! Мерекелеріңізбееен!!

+0
07 наурыз 2013, 19:15

Көктебеге ғана бармаппын) "Көктемімді" күтіп жүрмін, сонымен ғана барғым келеді)

+0
08 наурыз 2013, 15:46

алматы ұнамайды

+0
10 наурыз 2013, 18:34

Еһ, Алматы... Екеуміз де қыдырармыз бір күні...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...