Атыңды интернет арқылы ауыстыр

Атыңды интернет арқылы ауыстыр

Электронды үкіметтің интернет-порталында жаңа қызмет пайда болды – үйленген немесе ажырасқан жағдайда аты-жөнін ауыстыруға өтініш бере алады.

Бұл туралы Астана қаласы Әділет Департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.   

Бұл қызметті пайдалану үшін электронды сандық қол қажет. Электрондық сандық қолды – www.egov.kz сайтынан немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады делінген баспасөз ақпаратында.

Аты-жөнін ауыстыру туралы электронды түрде өтініш беру үшін сайтқа тіркеліп, өтінішті толтыру керек.  

Бұл қызметті пайдаланғаны үшін мемлекеттік баж салығын өтеу ақша төлеудің автоматты жүйесімен іске асады.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: diapazon.kz

А. Құлтай