Астана автобустарының бағыты өзгерді

Астана автобустарының бағыты өзгерді

Астана қаласындағы №12, № 21 автобустар қозғалысы бағдарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Астананың ресми сайты хабарлады.

"Елорданың Орынбор және Қошқарбаев көшелері бойындағы жаңа құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне және тұрғындардың көптеген өтініштеріне орай, сонымен қатар қаланың шет жағындағы көлік тасымалы қызметін жақсарту мақсатында 2013 жылдың 2 ақпанынан бастап №12 автобус бағдары қозғалысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген таратылған ақпаратта. Атап айтқанда: соңғы аялдама  «Астана» халықаралық әуежайынан» «Авиатор» аялдамасына дейін әуежайдан келетін күрежол бойымен өзгеріссіз жүріп, одан әрі – Орынбор к-сі – Рысқұлов к-сі –  Қабанбай батыр даңғылымен одан әрі бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша жалғасады. 

Жүріс қозғалысының өзгеретіні туралы ақпарат автобус салондарына 2013 жылдың 31 қаңтарынан бастап ілінген. 

Сонымен қатар, Сарыкөл көшесі жалғасының пайдалануға берілуіне және Байтұрсынов көшесіндегі көлік қозғалысының көбеюіне байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылдың 31 қаңтарынан бастап №21 автобус бағдарын ұзарту туралы шешім қабылданды.  Атап айтқанда: алғашқы «т/ж Вокзалы» аялдамасынан  «Абылай хан» ТК-ге  дейін өзгеріссіз. Одан әрі – Сарыкөл к-сі – Қошкарбаев к-сі – Жұмабаев к-сі – Айнакөл к-сі – Сарыкөл к-сі – Байтұрсынов к-сі, кері де осы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан 

сурет: tengrinews.kz