"Көкшетау-Алматы" бағытындағы ұшақ құлады

"Көкшетау-Алматы" бағытындағы ұшақ құлады

Бүгін 13:13-те Алматы облысының  Іле ауданы, Қызылту елді мекені маңында Скат авиакомпаниясының «Көкшетау-Алматы» бағытындағы Challenger-200  ұшағы радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Апатқа ұшыраған Bombardier Canadair Regional Jet ұшағы Қызылту елді мекені маңына құлаған. Алматы әуежайының мәліметі бойынша, «Көкшетау-Алматы» бағытындағы DV 760 рейсі Астана уақытымен 12.55-те Алматы әуежайына қонуы керек еді.

Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, ұшақтың ішіндегі 20-дан астам жолаушы қаза тапқан. Апаттың себебі қалың тұман деген болжам бар.

Массагет.кз мән-жайды анықтап, толық ақпарат беретін болады. 

Сурет: yvision.kz

М. Оңғарова