Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Оңтүстік Қазақстан облысына сапар

Оңтүстік Қазақстан облысына сапар

Оңтүстік Қазақстан облысына сапар

Шежіре мен аңызға толы, табиғат пен сұлулыққа бай өрелі оңтүстік өлкесі ежелден-ақ еліміздің қара шаңырағына айналған өңір. Сол қара шаңырақта ауыз толтыра айтарлықтай тарих тағылымынан хабар беретін, көне жәдігерлер мен жауһарларымызды бойына түйген шежірелі ескерткіштер көп. Жаратқан тарту еткен тұлғасын қаз қалпында сақтап қалған табиғаттың тылсымы да осында. Облыстың атын әлемге әйгілі ететін ең ірі тарихи орындар  мен демалыс кешендері жайында тоқталуды жөн санадым.

  Жолыңыз түсе қалса,  жоқ, жолыңыз түсе қалса емес, арнайы қонақ болып келе қалсаңыз біле жүрерсіз деп мына көрікті мекендер жайында аздап болса да мәлімет беріп өтейін.

 Ұлы Жібек жолында орналасқан Арыстан баб кесенесі туралы естігеніңіз бар ма? Әрине, естігенсіз, бірақ арнайы жол тартып барған емессіз. Дәл таптым ба?

Ендеше сізді жуық арада осы тарихи орынның төңірегінен көріп қалармыз деген сенімдемін. Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған бұл тұлға бүгінде ұлы даланың ұлағатын көмкеріп жатыр.

 Саяхатымыздың тұсауын «Ұстаз» кесті. Енді «Шәкіртке» қарай жол тартайық. Әрине, ол - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Көк күмбезі көкпен сырласқан кесене тарих саласында да, архитектура саласында да, өнер саласында да ойып тұрып орын алатын көне ескерткіштердің бірі.  Дара дарын дала самалымен тербеліп кесене кейпіне еніп тұр.

 

XIV ғасырда Ақ Орданың астанасы болған – Сауран қаласын өз көзіңізбен көргіңіз келеді ме? Ендеше, Сауранға қарай жол тарттық. Бүгінде көне кент өзінің қорғаны мықты қамалдарымен туристерді таң қалдыруда. Сауранға ат басын  бұра кетпесеңіз, бар қызықтан қалдым дей беріңіз.

 Атақты қолбасшы Шыңғыс қаған алты ай бойы ала алмаған Отырар кентіне саяхат жасауға да мол мүмкіндігіңіз бар. Тарих сахнасында сақталған көне қаланы тамашалап кетсеңіз нұр үстіне нұр болмақ. Ұлы ойшыл  Әбу Насыр әл-Фарабидің ізі қалған жерлерді басып, беріде өмір сүрген Шәмшіге шабыт сыйлап, Мұхтар Шахановқа дарын тарту еткен өлкенің ауасымен сіз де тыныстап кетіңіз.

  «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?»... Ежелде Адам ата мен Хауа анамызды отбасымен топан судан аман алып қалған аңызға толы алып тауды көргіңіз келе ме? Ендеше тылсымы көп тарихи тау сізді күтеді.

 

Отандастарымызды ғана емес, шетел азаматтарын да аса керемет қонақжайлылықпен күтіп алып, шипасы көп сумен дертке дауа тауып жүрген курорт бар оңтүстікте...

Мен қай курорт жайында айтып тұрғанымды сезіп те тұрған боларсыздар. Иә, «Сарыағаш» шипажайы. Таза ауамен еркін тыныстап, шипалы ыстық сумен емделіп денсаулығыңызға көңіл бөлгіңіз келсе,  шипажай қонақтарының қатарын толтырыңыз.

Ал егер Сайрам ауданына жақын жарда қонақта жүрсеңіз, онда аудан төңірегінде орналасқан «Манкент» шипажайына бас сұғыңыз. Ем алып, көңіл көтеріп, табиғат аясында бой жазуға таптырмайтын демалыс орны.

Қазақстан мен Орта Азия бойынша ең алғаш (1926 ж.) ашылған қорыққа саяхат жасауға қалай қарайсыз? Әңгіме – Ақсу- Жабағылы қорығы жайында…


Сирек кездесетін тіршілік иелерімен танысып, табиғаттың тылсымына қаныққыңыз келсе, Тянь-Шань тауының бөктерін алып жатқан  қорыққа қорықпай кіріп, қонақ болыңыз. Түлкібас ауданы арқылы кірер жолда қорық мұражайы да орналасқан. Дайын болсаңыздар, «Қайдасың, Ақсу Жабағылы?» деп атқа қамшы басайық!

 Шырайлы мекен – Оңтүстік Қазақстан облысы талай сырды бұғып жатыр. Ол сыр тек  облыс қонақтарына ашылмақ. Тарих беттерінде сақталған, тастарда қашап жазылған, табиғат тылсымындағы керемет сырларға қанық болып, оңтүстіктің сырласы болуға асығайық, ендеше! 

Автор: Ақерке Әбілхан

Сурет: kazrestavraziya.kz, visitkazakhstan.kz, on.kz

Форумда талқылайық

3491 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 12:10

Өзім көзбен көргендей әсер алдым. Керемет! Рақмет, Ақерке!

+0
24 ақпан 2012, 15:59

Қонаққа келіңіздер, күтіп алам)

+0
24 ақпан 2012, 12:12

Күшті! Оңтүстік аймақты бір аралап келгендей болдым ғой. Виртуалды саяхат деп осыны айт!

+0
24 ақпан 2012, 12:20

Шымкентім шырайлым, шекерім....

+0
24 ақпан 2012, 14:40

Өз жеріне деген сүйіспеншілікпен жазылған екен. Жарайсың!

+0
24 ақпан 2012, 16:00

рахмет!!!

+0
24 ақпан 2012, 15:29

osylay arkaysymyz oz onirimiz turaly zhazsak kaitedi? Kazakhstannyn ar auly, ar eldi mekeni tunyp turgan kazyna, tarihi kundylyk!

+0
24 ақпан 2012, 15:30

men zhaziraly Zharkent zhayly zhazarmyn zhakyn arada )

+0
24 ақпан 2012, 16:00

іске сәт сізге!

+0
24 ақпан 2012, 16:13

ауылыма барып келгесін, таудағы жазудын суретін көрсетейін сіздерге... Одан да жүрсеңіздерші менімен бірге) өз көздеріңізбен көріп қайтасыздар!

+0
24 ақпан 2012, 16:29

ол не жазу? Қай жерде?

+0
24 ақпан 2012, 16:50

тауда фундамент құйып жазған жазулар бар, "Сәлік" және "Түлкібас - құт мекен" деген. алыстан күшті көрінеді.
жыл сайын ауыл тұрғындары барып әктеп тұрады.

+0
24 ақпан 2012, 17:17

көрген сияқтымын, Машаттың о жақ бұ жағында емес пе?

+0
24 ақпан 2012, 17:19

Алматы-Шымкент тас жолының бойында, Жаскшеу ауылында ғой

+0
24 ақпан 2012, 17:20

ой, Жаскешу дегеним ,ғой

+0
24 ақпан 2012, 17:06

Онтүстігімізді, әлемге паш ететін сендей, ару кыздың барына мың да бір шүкір!!! Алланың нұры жаусын саған, Ак-Ерке!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...