Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ақтөбе - батыс аймақтың бас қаласы

Ақтөбе - батыс аймақтың бас қаласы

Ақтөбе - батыс аймақтың бас қаласы

Ақтөбе бекінісінде 19 ғасырда үлкен қала бой көтерді. Қаланы бекініс атымен атап кетті. Ақтөбе – Батыс Қазақстанның экономикалық орталығы. Бұл қалада түрлі саладағы өнеркәсіп мекемелері орналасқан.

Қаланың басты көшелерінің бірі Әбілқайыр хан даңғылының ескі атауы Ленин даңғылы болатын. Бұл даңғыл жол вокзалдан бастау алып, қала шетіне дейін созылады. Қаладағы қоғамдық көліктер үздіксіз қозғалады.

Әбілқайыр хан даңғылының бойында Қобыланды батыр атындағы орталық стадион орналасқан. Бұл стадион футбол жарыстарын өткізу үшін салынған. Дәстүрлі жүгіру жолдары қарастырылмаған. Стадион құрылысы халықаралық стандарттарға сай. Бұл стадионда «Ақтөбе» клубы жаттығады.


Әкімшілік және жеке меншік мекемелердің барлығы дерлік Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан. Мұражайлар, ескерткіштер т.с.с. қаланың бірқатар көрікті мекендері осы даңғылда бой көтерген. Үлкен «Нұрғасыр» облыстық мешіті мен Әулие Николь православ шіркеуі де Әбілқайыр хан даңғылында тұрғызылған. Екі нысан бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Бұл конфессионалдық келісімнің нышаны іспетті.

Ақтөбе қаласының көше атаулары Ұлы Отан соғысымен байланысты. Мысалы, Әлия Молдағұлова атындағы көше, 312-атқыштар дивизиясы, т.с.с. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл аймақта 101-атқыштар бригадасы мен 312-атқыштар дивизиясы жасақталған.

Соғыс жылдары Ақтөбеге Ресей, Беларусь, Украина, Молдова елдерінен қоныс аударған өнер мен әдебиет қайраткерлері бұл аймақтың рухани-гуманитарлық пен мәдениет салаларының дамуына сүбелі үлес қосқан.

Қазақ жеріндегі алғашқы планетарий 1967 жылы Ақтөбеде ашылған. Бұл жақта күн мен айдың тұтылуы, метеорлы жауын-шашындар, болид, комета т.с.с. аспандағы құбылыстарды байқауға болады.


2009 жылы Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерейтойына орай, қалада Бірлік және Келісім бульвары ашылды. Аумағы 64 мың шаршы метрге жететін бульварда «Шаңырақ» монументалдық-көркем ансамблі, амфитеатр және музыкалық субұрқақ орналасқан. 170 орынды амфитеатр көрермендерге ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Ал музыкалық субұрқақ қазақ әндері мен танымал классикалық шығармаларды репертуарына қосқан.

Суреттер: visitkazakhstan.nur.kz,aktobe.su


21955 51
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 11:00
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 11:51

Ақтөбе дегендегі басты ассоциациялар: Елек, Сазды өзендері, Ферроқорытпа зауыты, Хром қосындылары зауыты, рентген жабдықтары зауыты, "Алақай" қуыршақ театры, "Екі езу" әзіл-сықақ театры, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, "Әлия гүлі" би ансамблі, Қанат пен Света Айтбаевтар, Галиб Джафаров, "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасы

+0
24 ақпан 2012, 11:53

Керемет! Осы қатарға Нұржан көке, Сәруар ханым, Ботик Мұхтарды қосамын.

+0
24 ақпан 2012, 12:03

мен қазір онда тек қонақ ретінде барамын ғой....

+0
24 ақпан 2012, 12:10

Құралай-Мирас, Аллаберген, Өмірқұл бар ешшо

+0
24 ақпан 2012, 12:12

Айтбаевтардан гөрі, Құралай-Мирас өөөөөөттттттееее ұнайды маған! Жанар Айжановамды да қоса салмадың ба тізімге )

+0
24 ақпан 2012, 12:13

Жанар Айжанова Жетісудың қызы болып кетті ғой)))

+0
24 ақпан 2012, 13:21

Айжанованы қоспайм ол Шалқал деген отдельное государстводан

+0
24 ақпан 2012, 13:21

Айжанованы қоспайм ол Шалқар деген отдельное государстводан

+0
24 ақпан 2012, 13:41

мә, біз қашан бөлектеніп кеткенбіз? )))

+0
24 ақпан 2012, 11:55

Ақтөбе маған ыстық. Ақтөбеде бірнеше рет болдым. Әпке-жездем Ақтөбеде тұрады.

+0
24 ақпан 2012, 11:59

фотолар әдемі екен! Төрт жыл планетарийдің қасында тұрып, бір рет болсын кірмеппін )))) Ақтөбеде ең көп барған жерлерім - Қ Жұбанов атындағы АГУ (студенттік кезде осында өтті ғой), бульвар және әрине стадион!

+0
24 ақпан 2012, 12:02

Әдемі суреттерге қарап, туған өлкеңіз көзіңізге оттай басылды ма? ))

+0
24 ақпан 2012, 12:04

барам, амандық болса Наурызға!!! Билеттерді 2 апта бұрын алып қойғанбыз!!!! УУРАААА!!!

+0
24 ақпан 2012, 12:08

Оһо! Өте қуаныштымын! Елге сәлем айтыңыз)))

+0
24 ақпан 2012, 12:11

ойбайууу точно есіме салдың! Жұбанов университеті!!!!! Астағфируллаһ!

+0
24 ақпан 2012, 12:06

Ең бірінші сурет центр ма? Қандай әдемі!!

+0
24 ақпан 2012, 12:15

негізі ол центр емес, ескі қала мен жаңа қаланың аралығында үлкен саябақ бар сол жер ғо

+0
24 ақпан 2012, 12:19

11 мкрдағы Назарбаев атындағы ВЗБульвар ғой

+0
24 ақпан 2012, 12:26

Қанша дегенмен әдемі көрінеді екен!!

+0
24 ақпан 2012, 12:28

Арайлым, 3 фото да бір жерде түсірілген ғой )))

+0
27 ақпан 2012, 10:02

Бірақ 1 сурет сәтті шыққан сияқты))

+0
24 ақпан 2012, 12:07

Ақтөбе қаласымен бір қызық естелік есіме оралады. Бұрын XXI ғасыр көшбасшысы интеллектуалды ойында бір Ақтөбеден бала ойнады, сондай сүйкімді жігіт. Мен ол кезде 7-8 оқимын ба, сол балаға ғашық болдым. Қандай білімді деп. Сол қайта-қайта "Ақтюе" дейтін, сөйтсем сол жақтың бәрі солай айтады екен ғой )) Кейін Ақтөбенің марқасқа жігіттерімен таныс болдым. Көбіне мінезді болады екен адамдары. )

+0
24 ақпан 2012, 12:13

Ақтюе? Актюбинск деп айтам өзім

+0
24 ақпан 2012, 12:16

Анар, Ақтөбе талантты әрі сексуалды жігіттердің астанасы ғой)))))) аты кім еді айтшыыыыыыыыы

+0
24 ақпан 2012, 12:19

Көргім келетін қалалардың бастысы- Ақтөбе!

+0
24 ақпан 2012, 12:51

Менімен бірге, осы аймақтың қыздары оқиды. Жақында елдеріне барып келіп: "Ақтюбеге (Ақтюге) бардым" деп жүргендері.

+0
24 ақпан 2012, 13:22

ей Анар жауапжазззз

+0
24 ақпан 2012, 13:27

Атын ұмытып қалыппын. ))) Әйтеуір жылдық финалға өтті ол.

+0
24 ақпан 2012, 13:31

Оқушы кезімде сол сайысқа қатысуды талай армандап едім. Сұрақтарына таласып жауап беріп отыратынмын.

+0
24 ақпан 2012, 15:34

)))) ia, Aktobelikter Aktube dep ataydy oz kalalaryn, ogan kosa kyuttay, kakir-wukir, kaska degen sozderi bar...... Aktobede bolmappyn, birak Aktobelikter jaksy adamdar )

+0
24 ақпан 2012, 16:07

Үш суретте де шіркеу жылтылдайды. Ең басты жер сол ғой дим, иә? ))))

+0
25 ақпан 2012, 15:05

сол жерде ғой енді саябақ та, Мега да ))) сол себепті, қазір ең басты жер деп айтуға болады

+0
24 ақпан 2012, 16:15

Ақтөбе - әдемі қала екен!

+0
24 ақпан 2012, 22:13

Ақтобені Қазақстан бойынша экологиялык ахуалы ең нашар қала ретінде екенін ғана білетінмін. Өте адемі қала екен

+0
25 ақпан 2012, 14:44

"Қазақстан бойынша экологиялык ахуалы ең нашар қала"??? Бізден де нашар жерлер Қазақстанда жетіп жатыр!

+0
25 ақпан 2012, 15:31

Қазақстан бойынша экологиялык ахуалы ең нашар қала ол Алматы!

+0
25 ақпан 2012, 15:59

біз отырған Атыраудың да шаруасы мәз емес.

+0
25 ақпан 2012, 15:32

Батыспен шайқаспаң! (с)

+0
25 ақпан 2012, 21:56

мүмкін... жай ресми мәліметтер ғой №1 орында тур Ақтюбе, ал Алматы болса 4-ші орында

+0
25 ақпан 2012, 15:39

"Ақтобе жасасың" деген ұранды алматылық жігіт айтып отыр!

+0
25 ақпан 2012, 15:59

мәдессссс Қайреке!

+0
25 ақпан 2012, 16:00

Ақтөбе дегенде маған Ақтөбе-Алматы поезды мен Жұбанов университеті есіме түседі. Үнемі сол поезбен жүретінмін. Сосын осы масагеттегі біршама блоггерлердің сол Ақтөбенің тумасы екенін біліп жатырмын. ))

+0
26 ақпан 2012, 13:47

Ақтөбе жайлы жақсы пікірлеріңізді оқып қуанып қалдым, келіңіздер Ақтөбеге қонақ болып

+0
26 ақпан 2012, 14:20

Міндетті түрде, барамыз, иншаллах. Бір қызығы, сіздердің аймақ қыздарына өзге ұлттың есімдерін береді. Көршіміз Ақтөбенің тумасы, есімі Лариса))

+0
27 ақпан 2012, 15:28

Жалпы Ақтөбе қ. туралы нашар айтқан адамды өз басым естімедім шыны керек тфу, тфу)))

+0
26 ақпан 2012, 14:27

Соны өзімде түсінбедім, бұрын үлкен апаларымыз орыстармен тым жақын болған шығар, солардың қойған есімі ғой

+0
15 сәуір 2012, 22:47

актобе жайында сурет керек

+0
18 желтоқсан 2012, 10:57

Ақтөбе менің қалам!

+1
15 шілде 2015, 13:51

ақтөбе понятие растянутое))) көп қо ақтөбе туралы айта берсең, негізі скромный қала, шымкент секілді көп мақтана бермейд, бірақ может дать фору. Батыс Қазақстан өңіраралық медакадемия бар, ұшқыштарды дайындайтын Талғат Бигельдинов атындағы әуе күштері институты бар..

+0
15 шілде 2015, 13:52

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік өңіраралық университет толық айтқанда

+0
15 шілде 2015, 13:52

медициналық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...