Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақ сайттары редакторларының конференциясы өз жұмысын аяқтады

Қазақ сайттары редакторларының конференциясы өз жұмысын аяқтады

Қазақ сайттары редакторларының конференциясы өз жұмысын аяқтады

Астанада өткен қазақ сайттары редакторларының конференциясы өз жұмысын аяқтады. 9:30-да басталып, 17:00-ге дейін созылған конференция ҚазНеттегі қордаланған біраз мәселенің басын шалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының хатшысы Ерлан Қарин: "Бұл қазақ интернет сайттарының проблемаларын ашық алаңда талқылап отырған алғашқы жиын" екенін атап өткен еді. Ал Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев министрліктің соңғы жылдары қазақ интернетіне арнайы көңіл бөліп, әжептәуір қаржы аударып келе жатқанын айтқан болатын.


Мамандар төрт бөлім бойынша тақырыптарды талқыға салып, шешу жолдарын қарастырды. Алғашқы бөлімде сөз алған Айдос Сарым: "Қазақ интернеті үлкен күшке айналып келе жатыр" дей келе, "Кирилл қарпінен латын қарпіне аударатын бағдарламаны өз қаражатымызға жасатып, қазақ сайттарына беруге дайынбыз" деді.  

Ал CNP Processing GmbH интернет процессорының бас менеджері, «AWARD.KZ Ұлттық интернет сыйлығы» қоғамдық қорының директоры Константин Горожанкин: "Мемлекеттен қолдау күтіп отырғанша, өз бетімен әрекет еткен дұрыс" деді. IT-tirlik журналының бас редакторы, IT маманы Тимур Бектұр қазақ сайттарын пайдаланушылардың селқостығын баса айтып, қолданушыларды контент жасауға шақырды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, терминолог Шерубай Құрманбайұлы терминдердің 31 томдығы жасалып жатқанын атап өтті.

Соңғы бөлім спикерлері интернет журналистиканың олқы тұстарын талқыға салып, авторлық құқық жайында ойға қонымды біраз сөз айтты. Қазақ интернетінің журналистері арасында сауатты журналистердің саусақпен санарлықтай екеніне тоқталып, тағы да маман даярлау мәселесіне келіп тірелді. 

"Мінбер" ұлттық интернет газетінің жетекшісі – бас редакторы Есенгүл Кәпқызы: "Блогшылар контентті дамытуға қатысқанымен, интернет журналистикада кәсіби журналистер болуы керек" деді.


Асхат Еркімбай, Жанарбек Матай сынды ҚазНет майталмандарымен қатар, Қытайдағы қазақ тілді сайттарының алғашқы құрылтайын ұйымдастырушы  Ақытбек Шеризатұлы шет елден скайп арқылы байланысқа шығып, ой бөлісті.

Интернет мамандары бас қосқан конференцияда Массагет.кз порталы да ескерусіз қалған жоқ. Олар қазіргі кезде Массагет, Екпін секілді сапалы сайттардың пайда болып, дамып жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, шараны "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы, "Аbai.kz", "Аlash-orda.kz" ақпараттық орталықтары мен "Мinber.kz" журналистерді қолдау орталығы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жобаға "Қазмедиа орталығы" мен "Қазконтент" АҚ та қолдау білдірді.


Қазақ интернеті тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған қазақ сайттары редакторларының конференциясы қазақ контентін жасаушылардың деңгейі мен күшін көрсетіп, олардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына септігін тигізгені сөзсіз. Бастысы көтерілген көп мәселе шешусіз қалмайды деуге толық негіз бар. Конференциядағы қазақ интернетін дамытуға қатысты ұсыныстар алда жинақталатын болады.

Астана қаласынан арнайы Массагет.кз үшін Мейіргүл Оңғарова
   
 
2483 12
Рейтинг: +8

Қосылған күні: 22 қаңтар 2013, 21:42
Пікірлер
+0
22 қаңтар 2013, 22:01

мен де бастан аяқ көрдім) жақсы болд, бірақ соңында журналистика деді маааа қуып кетті ау

+0
22 қаңтар 2013, 22:20

Конференция жақсы өтіпті. Тезірек оралып, қызықтарымен бөлісе жатарсың, Мейіргүл!

+0
22 қаңтар 2013, 22:26

Аяқ жағы мен қорытындысы жоқ жиын болған. Спикерлер контент менеджерлердің жұмысы емес журналистер жұмысы мен мамандығын талқылап кетті.

+0
22 қаңтар 2013, 23:55

Айдос Сарым көпшілік сұраққа жауап беріп отырды. Жауаптар көңілден шықты. Енді үлкен бастама болса екен. Мейіргүл дәл ортада қасқайып тұр ғой, жарайсың!

+0
23 қаңтар 2013, 09:30

ооу Мәкеңді таппай жүрсек, іссапармен Астанамыз Астана қалсында жүр екен ғой)

+0
23 қаңтар 2013, 10:32

Дәурен Қуат ең үздік роман таңдап, оған 10 мың доллар сыйақы берілетінін айтты. Мұны да қоса кетейік

+0
23 қаңтар 2013, 10:45

Осындай игі шаралар көптеп өткізілсе, қазнет одан әрі дами түседі. Бүгінде де қарқыны жаман еес. Оған жоғарыда айтылған мамандардың пікірі дәлел

+0
23 қаңтар 2013, 11:03

осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деген тілек бар, алғашқы жиын депті, жалғасын таба берсін!

+0
23 қаңтар 2013, 11:17

Жиналып қазнеттегі мәселелерді талқылағандары дұрыс болды

+0
23 қаңтар 2013, 15:13

Соңғы үш пікірге қосыламын.

+0
24 қаңтар 2013, 00:46

со баяғы қыртымбай әңгімелер. Жеке өзіме тек адамдарды көргенім ғана ұнады. Біраз пайдалы таныстықтар болды. Мен айтар едім өтее пайдалы деп.. Ең қызығы мен сені сразу таныдым, ал сен мені танымадыңдаӘ :)

+0
25 қаңтар 2013, 10:40

Таныдым ғой, Дәке! Аршат ағай ресми таныстырды да :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...