Маман: "Массагет" дамып жатыр

Маман: "Массагет" дамып жатыр

Қазақ салалық сайттарды жүргізуді үйренді. Қазіргі кезде Массагет, Екпін деген секілді сапалы сайттар пайда болып, дамып жатыр. Бұл туралы Астанадағы "Қазмедиа" орталығында қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясына шақырылған мамандар айтты.

Олардың айтуынша, қазақ интернетінің дамуының алғышарты осы болмақ. Айта кетелік, шараны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, www.abai.kz, www.alash-orda.kz ақпараттық порталдары және «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып жатыр.

Төрт бөлімнен тұратын конференцияда Қазақ интернетінің дамуы: ерекшеліктері, өзекті мәселелері, Қазақ сайттарының дизайны және техникалық сүйемелдеуді қолдау, коммерцияландыру, IT саласындағы терминология және қаріп мәселелері, жаңа медиа мен Қазақ интернеті журналистикасындағы мәселелер қарастырылып жатыр.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: minber.kz