Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматыдағы қыс патшалығы

Алматыдағы қыс патшалығы

Алматыдағы қыс патшалығы

Қылышын сүйретіп келген Қыс патша... Қуарған ағаштар, жалаңаш орман, көк мұздың астында ыңырсып жатқан өзендер... Аппақ қар мен ақ сұр бұлттың астында іштей егіліп тұрған биік-биік таулар... Ақ тонды айқара жамылып өлі ұйқының құшағына енген қыраттар... Бұл әрине, қазақтың кең даласының дәл қазіргі күйі. Ал қаласы ше? Сұрағымызға қазақтың ерке қаласы, Алатаудың жалғыз қызы - Алматыдағы қыстың жағдайымен таныстыру арқылы жауап беріп көрмекпіз. Бізбен бірге болыңыз.

Алматыға Қыс келін жетіпті лағылдан артық ақ мамық тоңын жамылған...

Жасыл желек орман қайда баяғы!?

Қар қандай! 

Қарып көзді шағылады...

Үн жоқ суыққа тоңған алматылық кептерлерде...

Мыңдаған алматылық тұрғындардың ізі қалған жалғыз аяқ жолдар жақсыны да, жаманды да жатырқаған емес...

Мәз болып жас баладай айналаға

Қарайды әр бұтадан күн жылтырап...

Ақ көрпеге оранған ару қала...

Батысқа батып бара жатқан күн көзін қимай-қимай шығарып салып тұрған ақ көйлекті қайыңдар...

Аппақ дүние... Аппақ қар... Аппақ әлем...

Қалыпты қарауылда жыңғыл, бұтақ,

Іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ(Ф.Оңғарсынова).

Қыссүйгіш ағайынды бір ортаға жинастырудан шаршамаға мұз айдындар...

Бұл қалада ақ тоңын кимеген шыршалар ғана... Дірілдеп тұр...

Қаһарына мінген қыс патшаның озбырлығы саябақта қол ұстасып қыдырып жүрген ғашықтарға әсер еткен емес.

Сіз бен біз ғана емес жетімсіреген "Көктем жағалауы" да көгілдір көктемді сағынып жүр.

Мұзға қатып дәуренім,
Кәрі қысты тұр-тұрлап,
Оята алмай әуремін... (О. Тұржан)

Ақ төсін жайып салып жатыр дала...

Ақ жібек көйлегі желбіреген қала тұр назданып тіл қатпай...

Ақ түтегі түтілген түбіттейін...

Алматының дем алысы да өзінше бір үскірік...

Жамылып ақ көрпесін енді ғана

Маужырап байтақ дала тыныстаған...

Сізге деген аппақ қардай ақ махаббатпен:

Суретке түсірген және дайындаған: Айгерім Сматуллаева

7845 9
Рейтинг: +12

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 13:02
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 12:29

суреттер керемет екен. Авторға рахмет

+0
21 қаңтар 2013, 12:33

Расында да, әдемі! Керемет! рыспек!

+0
21 қаңтар 2013, 12:47

Керемет жұмыс.Айгерім жарайсың

+0
21 қаңтар 2013, 12:50

Керемет

+0
21 қаңтар 2013, 12:56

Әдемі қыс

+0
21 қаңтар 2013, 15:17

керемет! Асiресе "аппак дуние...аппак кар" деген. Адемi барi

+0
21 қаңтар 2013, 15:37

әдемі дайындапсың! жарайсың!

+0
21 қаңтар 2013, 16:52

Керемет!!!

+0
21 қаңтар 2013, 22:53

,
...Күнәсіз қыс,сені бәрібір сүйем ғой,
Себебі сен көктемді ертіп келесің.,,

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...