Алматы қаласының алдағы бес күнге арналған ауа-райы болжамы

Алматы қаласының алдағы бес күнге арналған ауа-райы болжамы

Алматы Гидромет мекемесі ұсынған Алматы қаласының алдағы бес күнге арналған ауа-райы болжамымен таныс болыңыздар. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, 14 қаңтарда оңтүстік астанада күн ашық болмақ. Жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз 4 градус аяз болмақ. 

15 қаңтар: Күн алабұлтты, қар жаумайды. Температура түнде 3 - 8 градус аяз, күндіз 0 - 5 градус жылы. 

16 қаңтар: Бұлтты. Түнде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 3 - 8 градус аяз, күндіз 1 - 4 градус жылы болады.

17 қаңтар: Бұлтты. Түнде қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 8 - 13 градус нөлден төмен болса, күндіз 3 - 8 градус аяз болмақ. 

18 қаңтар: Күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа-райы 10-15 градус аяз болса, күндіз де 3 - 8 градус нөлден төмен болады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: np.kz 

Б. Қосмағамбет