Әлемнің ең биік таулы курорты "Шымбұлақта"

Әлемнің ең биік таулы курорты "Шымбұлақта"

Алматы облысындағы "Шымбұлақ" таушаңғы курортында әлемдегі ең биік таулы саябақ ашылады. Бұл жайында жобаның жетекшісі, альпинист Мақсұт Жұмаев Tengrinews.kz тілшілеріне мәлімдеген. 

Жұмаевтың айтуынша, саябақтағы арқанды аттракциондардың ерекшелігі мұндай масштабты құрылыс жасанды тірекпен тұрғызылғандығында екен.

"Бізде Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндік бар. Теңіз деңгейінен 2250 метр биіктігінде салынған мұндай нысанды әлі ешкім жасаған емес. Бұл аттракциондардың тағы бір ерекшелігі - мұндай арқанды саябақ бірден "тарзандармен" қиыстырылған. Мінген адамда алғашында қорқыныш сезімі болуы мүмкін. Жерден алты метр көтерілгенде ғана ол қорқыныш басылады. 80 метрден кейін арқан "тарзанмен" жағасады", - дейді альпинист.

Мұндай нысанда көңіл көтеру үшін бар болғаны 1000-нан 2000 теңгеге дейін ғана жұмсауға болады. 

Сонымен қатар, Жұмаев өз жобасында басқа да көңіл көтеруге арналған аттракциондардың барын жасырмады. Жобаны еуропалық стандартта салу үшін оған австриялық мамандарды араластыратынын да айтып өтті. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kazakh.ru

А. Әбілхан