Жаңа жылды алматылықтар жылы ауа-райымен қарсы алады

Жаңа жылды алматылықтар жылы ауа-райымен қарсы алады

Жаңа жыл қарсы алу кезінде алматылықтарды аяз алаңдатпайтын болады. Бұл жөнінде "Қазгидромет" хабарлап отыр. 

Мамандардың болжауынша, 27 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін Алматыда қар жаууы ықтимал. Тек жаңа жыл түнінде жауын жаумауы әбден мүмкін. Түнде ауа температурасында аса өзгеріс бола қоймайды: бес градустан онға дейін, ал күндіз - нөлден минус беске дейін аяз болды деп күтілуде.  

Алматы облысының солтүстігінде және Балқаш ауданындарында қатты аяз болуы әбден мүмкін. Ал Алматы қаласының өзінде мұндай қатты аяз күтілмейді. Тек түнде көп дегенде, он бес пен жиырманың айналасында болады. Бірте-бірте аяз бәсеңдеп, айдың соңына қарай түнгі аяз сегіз бен он үш градусты құрайды, ал күндіз - нөлден беске дейін болмақ.

Ал алматылықтар үшін қаңтар айы жайлы болмақ. Біз күткендей суық бола қоймайды. Алматы тұрғындарына қыс қытымыр мінезін ақпан айында танытпақ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: myfoto.kz

А. Әбілхан