Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бүгін бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні.

Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран мемлекеті мойындады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан мереке күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады. Тәуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.

Массагет ұжымы да барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, саулық, бақыт пен шаттық тілейді.

Құрметпен: Массагет ұжымы

сурет: vk.com

Жазбаға Қазақ Уикипедиясы материалдары пайдаланылды

10494 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 16 желтоқсан 2012, 02:10
Пікірлер
+0
16 желтоқсан 2012, 10:00

16-Желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!

+0
16 желтоқсан 2012, 10:40

Қастерлі күн құтты болсын! Еліміз аман болсын!

+0
16 желтоқсан 2012, 10:46

Көк туымыз көгімізде мәңгілік желбіреп тұрсын! Бастысы күллі әлемде бейбітшілік болсын! Мерекелеріңізбен!

+0
16 желтоқсан 2012, 12:49

Керемет! Құтты болсын!

+0
16 желтоқсан 2012, 12:57

Тәуелсіздік және Massaget.kz-тің туылған қос мерекесі құтты болсын! Біздің ел бақытты, біздің ел осындай!

+0
17 желтоқсан 2012, 11:50

Құтты болсын!

+0
17 желтоқсан 2012, 14:43

Мерекенің мереке сыйқы болмады ау, Өзге ел тәуелсіздігін қалай жырлайды, қалай тойлайды. Ал бізде ше?! Тәуелсіз Қазақстан екенімізді ұмытып кеткен жоқпыз ба?!

+0
17 желтоқсан 2012, 19:54

дурыс айтасыз.

+0
17 желтоқсан 2012, 22:23

Тәуелсіздік күні құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай

+0
19 желтоқсан 2012, 09:08

Құтты болсын! Әр қашан тәуелсіз елдің тәуелсіз ұланы болайық!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...