Алматы облысында желтоқсанның 17-сі мен 21-і аралығында қатты аяз болады

Алматы облысында желтоқсанның 17-сі мен 21-і аралығында қатты аяз болады

Алматы облысында 17-сі мен 21-ші желтоқсан аралығында қатты аяз болады, деп хабарлайды Алматы қаласы ТЖД баспасөзіне сілтеме жасаған Tenginews тілшісі. 

17-сі мен 21-ші желтоқсан аралығында Алматы облысында қатты аяз болып, түнде ауа температурасы -13-(-18) градусқа жетеді. Кейбір аудандарда 22-27 градус аяз болады. Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, облыстың солтүстік өңірлерінде түнде ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейді.

Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы ТЖД баспасөзінде: "Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауын сұраймыз" делінген.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: planeta.moy.su 

Б. Қосмағамбет