«Алтын сапа» мен үздік тауар анықталмақ

«Алтын сапа» мен үздік тауар анықталмақ

«Алтын сапа» сыйлығы үшін жарыс Астананың «Көрме» атты кешеніндегі «Қазақстанның үздік тауары» байқауымен ашылды.

Көрме-байқауда 135 өндіріс орны мен жеке кәсіпкерлер қатысады. Көрме қорытындысын шығаруда қазылар алқасы «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халық үшін ең үздік тауарлар» деген 3 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайтын болады. Ал әр аталым бойынша 3 дипломант талданады.    

Президент әкімшілігі меңгерушісінің орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл көрме аймақтар арасындағы өнімдермен танысып, тәжірибе алмасу үшін қажет. Аталған 135 өндіріс өнімдерінің тең жартысы (50 %) Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған өндірістік-инновациялық бағдарлама аясында құрылған.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының қорытындысы Астана қаласының Тәуелсіздік Сарайында 25 желтоқсан күні белгілі болады. Бұл шарада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» сыйлығын жеңімпаздарға тапсыратын болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Мансұр Хамит

А. Құлтай