Астана Президент күнін тойлауда

Астана Президент күнін тойлауда

Еліміз бүгінде жаңа мерекені алғаш рет тойлауда. Астана әрине Президент күнінің басты сахнасына айналды. Еліміздің астанасында өтіп жатқан мерекелік жиындардың ең бастысы Астана Арена стадионында өткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған концерт болды.

Сағат 11-де басталған концертке астаналықтар ағылып келді. 30 000 көрерменді оңайлықпен сыйдыратын су жаңа стадион Елбасын құттықтағысы келген халыққа есігін ашты.

Жас спортшылар керемет көрсетілім көрсетті.

Концертке Ringo, Ерболат Құдайбергенов, Маржан Арапбаева, Серік Сапиев сияқты танымал жұлдыздар қатысты.

Бишілердің өнері таң қалдырмай қоймады.

Спорт тақырыбын велоспортшылар жалғастырды.

Трибуналардағы жазулар тез ауысып тұрды.

Көрсетілімге 1500-ден астам адам қатысты.

Әрине тойға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, жылы лебізін айтты.

Көрермендердің арасында жастардың көп болғаны қуантты.

Жаңа мереке халықтың көңілінен шыққаны сөзсіз, астаналықтар "Нұрсұлтан", "Жаса Қазақстан" сынды сөздерді ұрандатып тұрды.

Астана Арена стадионында еліне, жеріне, Елбасыға деген өшпес махаббат әр балақайдың бойынан байқалды.

Арнайы Массагет.кз үшін Астанадан: Сания Аринова

Сурет: Сания Аринова 

С. А