Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Еліміздің бас шыршасы жағылды

Еліміздің бас шыршасы жағылды

Еліміздің бас шыршасы жағылды

Бүгін, яғни, 30 қараша күні Ақорданың алдында орналасқан еліміздің бас шыршасы жағылды.

Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов келіп қатысты.

Жиынға, сонымен қатар, 3 000 бала шақырылды. Олардың 1000-ы тұрмысы нашар отбасылардан шыққан сәбилер. Жиылғандар "Қар карнавалы" атты концерттік бағдарламаға куә болып, көңілдерін көтерді. Шамамен 300 маман шараның салтанатпен өтуіне ат салысты. Айтулы оқиға мерекелік отшашумен аяқталды.

Бұл жылғы шырша қазақ қызының формасында жасалған. Шыршаның үстіңгі жағы сәукеленің пішінінде болса, төменгі жағы ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген. Жаңа жылдың басты аксессуарын сәндеуге 2 000 ойыншық, 10 км гирлянда пайдаланылған.

Сапалы материалдармен толықтырылған шыршаның биіктігі 25 метр. Ағаштың түбін желге төтеп беруі үшін 32 тонналық ауырлатқыш орнатылған. Айта кетелік, бұл шыршадан бөлек қала көшелерінде тағы 36 ағаш "өсіп" тұр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: kz.all.biz

1337 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 30 қараша 2012, 19:29
Пікірлер
+0
30 қараша 2012, 23:37

Науырыз кезінде "Бас шаңырақ тігілді" деп қазақ үй туралы бұлай жар салмаймыз-ау, әттең

+0
01 желтоқсан 2012, 12:28

Озiмiздiн жана жылымыз Наурыз мерекесi Алматыда дал булай тойланбайды екен. Откен жылы Наурыз мерекесiн мулдем сезiнбедiм. Ал Жана жылды 1ай бурын тойлап жатыр. Ен манызды деген Тауелсiздiк кундi булай тойламайдыда.

+0
01 желтоқсан 2012, 14:51

админ апайлар, енді жылан жылының дастрахан мәзірі туралы жазсаңыздар екен??? өтініш,алдын ала рахмет!

+0
01 желтоқсан 2012, 17:06

Католиктер Рождество мерекесіне 4 апта бұрын дайындалады, майшамдарын жағады, біз солардың дәстүрін жасап жатырмыз ғой дініміз мұсылман болса да! Желтоқсан айының 16-17 күндері құрбан болғандарды еске алып, содан соң шыршаларын жақса да болатын еді ғой.... Әлі де орыстарға жағу үшін солардың мерекесін өздеріміздің мерекелерден жоғары қоямыз.... бізді бұндайдан кейін тәуелсіз ел деп атауға болмайды ғой...

+0
02 желтоқсан 2012, 01:30

Жаңа жылды қатты жақсы көрем ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...