Оқи отырыңыз

...Сауат ашумен қатар үйренуге міндетті дисциплина – ақпараттық талғам мен гигиена.

Автор: Айдос Сарым

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Жүректен-жүрекке" мәресіне жетті

"Жүректен-жүрекке" мәресіне жетті

Өмір – қымбат. Өмір – тәтті.  Алайда, ешкімге мәңгі өмір сүру мүмкіндігі берілмеген. Тағдырдың жазуымен қаншама адам қызығы мен шыжығы мол тіршілікті бір сәтте артқа тастап кетіп жатыр. Кейде жарық дүниені қимаған пенделер арашашы іздеп, аурухана есігін қағады. Өкініштісі, дәрігерлерден де қайран жоқ... Өйткені, оларға екінші мәрте өмір сыйлауға мүмкіндік берер донор тапшы.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ҚР тұрғындарының өлім-жітімін төмендету және өмір жасының ұзақтығын ұлғайту мақсатында ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі мен А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер санына кіру үшін органдарды алмастыру бойынша инновациялық жоба әзірлеген болатын. Соның бірі – трансплантация жасау мәселесі. Нәтиже жоқ емес. Қазір қазақстандық медицина бір мезгілде бірнеше органдарды: «жүрек пен өкпе» кешенін, «бауыр мен ұйқыбез» кешенін, жіңішке ішекті және т.б. органдарды алмастыра алатындай деңгейге қол жеткізіп отыр. Биылғы жылдың 8 тамызында қостанайлық 38 жасар азаматқа жасалған донорлық жүрек трансплантациясы мұның айқын дәлелі бола алады. Мұндай оталар шетелдерде 100-300 мыңға жасалатындығын ескерсек, бұл отандастарымыз үшін тамаша мүмкіндік болып отыр.

Бірақ медицина халықтың көмегінсіз трансплантацияның барлық мәселелерінің тиісті шешімін таба алмайды. Осы орайда А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы жүрек-қан тамырлары жүйесі сырқаттарынан көз жұму деңгейін төмендету тақырыбындағы журналистік жұмыстарға арналған «Жүректен-жүрекке» атты байқау жариялаған болатын. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқаудың мақсаты - қалың жұртшылықты жүрек аурулары мен одан туындайтын проблемалардан хабардар ету, елдегі кардиохирургия, кардиология, ангиохирургия мәселелері мен қазіргі жай-күйін бұқаралық ақпарат құралдарында барынша толыққанды әрі объективті тұрғыдан көрсетуге, салауатты өмір салтын кеңірек насихаттауға ықпал ету, сонымен қатар, Қазақстанда жүрек пен бауыр ауыстыру операцияларына қатысты мәселелерді шынайы әрі кәсіби тұрғыдан көрсету болып табылады.

27 желтоқсан күні, яғни тұңғыш Президент күніне орай, «Қазақконцерт» бірлестігінің ғимаратында байқау қорытындысын жариялау және сайыс номинанттарына жүлде табыстау салтанаты өтті. Жүлделер 3 номинация бойынша табысталды:

І. БАҚ-ғы үздік материал үшін:

1-жүлде – «Казахстанская правда» газеті;

2-жүлде – «Литер» газеті;

3-жүлде – «Денсаулық әлемі» және «Здровохранение Казахстана» газеттері:

ІІ.Үздік теледидар материалы үшін:

1-жүлде  – «Қазақстан» телеарнасы;

2-жүлде – «Астана» телеарнасы;

3-жүлде – «Хабар» агенттігі;

ІІІ. Радиоэфирдің немесе ғаламтор басылымының үздік материалы үшін:

1-жүлде – «Қазақ радиосы»;

2-жүлде – «Central Asia Monitor;

3-жүлде – «Доброго здоровья» газеті;

Байқаудың өзге қатысушылары сайыстың дипломанттары ретінде жарияланып, арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Органдарды алмастыру деген өмір сүруге үмітін жоғалтқан науқастарды ажалдан алып қалуға мүмкіндік беру ғана емес, өзіңнің немесе жақын туысыңның ағзасын құрбан ете отырып, өзгеге өмір сүру бақытын сыйлау, адамгершілігіңді таныту екендігін сіздерде естен шығармағайсыздар!

Суреттерді түсірген және дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1754 2
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 20:20
Пікірлер
+0
29 қараша 2012, 11:28

Осы байқауға қатысқан таныс журналист құрбым термос пен грамота берді деп мәз болып жүрген кеше

+0
29 қараша 2012, 15:04

ынталандыру сыйлыға да :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оралым, менің оралым!
Оралым, менің оралым!

Орал қаласының тарихы бай, өткені өнегелі, келешегі жарқын.

Философия қазақша пәлсапа ма?
Философия қазақша пәлсапа ма?

философияқазақша философияпәлсапа пәлсапа ғылым

Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы
Әйел – үйдің отын жағар шамшырағы

Әйел затының жаратылысындағы ерік-жігердің мықтылығы

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Табысқа жетудің сыры неде?
Табысқа жетудің сыры неде?

Әрбіреуіміз өз қалаған салаларымызда табысқа жету үшін не істеуіміз керек?

Автор: Амине Қадыр

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...