Алматыда әмбебап жол жүру билеті іске қосылады

Алматыда әмбебап жол жүру билеті іске қосылады

Алматы қаласында метроға да, қалалық қоғамдық көліктеріне де бірдей жарамды әмбебап жол жүру билеті пайдаланылмақ, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Бұл туралы "Метрополитен" МКК директоры Қ. Бегәсілов хабарлады.

"Қазіргі кезде қалада кез келген қоғамдық көлік пен метрода бірдей жүруге арналған біртұтас төлем жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Яғни бұл жолаушы барлық қоғамдық көліктерге бір ғана билетті пайдалануына болады деген сөз",-деді кәсіпорын директоры.

Сондай-ақ, метро басшысы әмбебап билеттерге деген баға бұрынғысынша сақталатынын да айтып өтті. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ferroli.kz

Б. Қосмағамбет