Президент күні алматылықтарды қандай шаралар күтеді?

Президент күні алматылықтарды қандай шаралар күтеді?

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары, алдымызда бір бұрын-соңды тойламаған мереке келе жатыр. Тұңғыш Президент күні! Атаулы мерекеге орай демалыс болатындығын хабарлап та өткенбіз. Демек, кедергісіз демалуға зор мүмкіндік туып тұр. Тұңғыш Президент күні еліміздің барлық қалаларында атап өтілмек. Ондай шақта рухани астанамыз артта қалсын ба?

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, осы күндері қаламызда көптеген мерекелік шаралардың шымылдығы түрілмек:  

  • Алматы қаласында Президенттің авторлығымен жарық көрген кітаптар мен Ұлт көшбасшыларына арнаған еңбектер көрсетілетін жәрмеңке ұйымдастырылмақ. Мерекелік жәрмеңкенің аясында фотокөрме де тұсауын кеспек.
  • 29 қарашадан бастап, қатарынан үш күн бойы Алматы кинотеатрларында Президент туралы көркем және деректі фильмдер көрсетілетін болады. 
  • 1 желтоқсан күні алматылықтар мен қаламыздың құрметті қонақтары Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында коньки мен роликте тегін сырғанайды. Сонымен қатар түрлі спорттық ойындар мен сайыстарға қатысуға мол мүмкіндік бар.
  • Тұңғыш Президенттің құрметіне ұйымдастырылатын әртүрлі кездесулер мен  "дөңгелек үстелдерге", қаламыздың этномәдени ұйымдарының әзірлеген концерттік бағдарламаларына қатысуға болады.
  • Ғылыми-практикалық бағдарламалар шеңберінде конференциялар мен семинарлар, кездесулер мен жиындар өтіп, мемлекет басындағы қайраткерлер мен түрлі партиялық ұйым мүшелері бас қосады. Мұндай шаралар жастар арасында да қолдауын таппақ.
  • Сонымен қатар, қаламызда театр мен эстрада жанрында жүрген өнер адамдарының қатысуымен түрлі концерттік шаралар өтеді.
  • Соғыс ардагерлері мен зейнеткерлерге, жетім және көп балалы отбасындағы балаларға арналған қайырымдылық шаралар өтеді. 
  • Тұңғыш Президент күніне арналған басты шара 1 желтоқсан күні сағат 11.00-де "Медеу" мұз айдынында өтеді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: bnews.kz, kursiv.kz, qazaq-found.kz, infokz.com, yvision.kz
А. Әбілхан