Сенбі күні Алматының бас шыршасы жарқырайтын болады

Сенбі күні Алматының бас шыршасы жарқырайтын болады

Алдағы сенбі, 1 желтоқсанда Алматы қаласының бас шыршасы Республика Сарайының алдындағы алаңда жарқырайтын болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз-қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан хабарда: "Республика Сарайының алдындағы Абай ескерткішінің жанында бой көтеретін шырша 1 желтоқсан сағат 18:00-де іске қосылатын болады. Қаланың басты шыршасын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жағады" делінген.

Сонымен бірге, мерекелік шарадан соң, алматылықтар мен қала қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін мерекелік концерт және үлкен пиротехникалық шоуды тамашалай алады. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: foto.mail.ru

Б. Қосмағамбет