22 қарашада елдің көп бөлігінде боран соғады

22 қарашада елдің көп бөлігінде боран соғады

Синоптиктердің болжауынша, 22 қараша күні Қазақстанның көп бөлігінде боран соғып, тұман түседі.

Ашық ауа-райы тек елдің батыс бөлігінде сақталады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында дауыл соқса, тұман Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында түседі. Елордамыз Астанада көк тайғақ болуы мүмкін.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: fonstola.ru