21 қарашада күн ашық болады

21 қарашада күн ашық болады

Синоптиктердің айтуынша, 21 қараша күні Қазақстанның көп бөлігінде суық ауа-райы сақталады. Күн ашық болады.

Елдің солтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөліктеріндегі аймақтарда боран соғып, көктайғақ пайда болып, желдің жылдамдығы біршама артуы мүмкін. Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау облыстарындағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында дауыл соғады деп болжануда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: xs-cars.ru