Сексеуіл шабуға тыйым салынады

Сексеуіл шабуға тыйым салынады

2013 жылдан бастап елімізде сексеуіл шабуға толықтай тыйым салынатын болады.

Бұл туралы Қызылорда облыстық Орман және аң аулау шаруашылығы инспекциясының Реттеу және бақылау бөлімінің бастығы Рауа Аралбаева BNews.kz журналисіне берген ақпаратында мәлімдеді.

«2004-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында сексеуіл шабуға тыйым салу туралы заң күшіне енген болатын. Ал тазалық жүргізу қызметі шіріген ағаштарды кесуге рұқсат етілген-тін. Белгілі болғандай, енді 2013 жылдан бастап тазалық қызмет жұмыстары да сексеуіл шабу құқығынан айырылады» дейді Рауа Аралбаева.

Оның сөзіне сенсек, Арал маңында биыл 10 заңсыз сексеуіл шабу ісі белгілі болыпты.

Орман қорына зиян келтірген браконьерлерге 68700 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі уақытқа дейін барлық айыппұл мен арыз өтеліп отыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: forum.knives.kz

А. Құлтай