Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Шымкентте Бәйдібек биге ескерткіш қойылды

Шымкентте Бәйдібек биге ескерткіш қойылды

Шымкентте Бәйдібек биге ескерткіш қойылды

«Керуен басы білікті болса, түйе азбайды, қолбасы білікті болса, сарбазы тозбайды» деген екен Ұлы жүздің негізгі тайпаларының (Сары Үйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты, Албан, Суан, Дулат) әкесі саналатын Бәйдібек би бабамыз. Ескі дастандар мен жырларда жиі көзге ұрынатын Бәйдібек бидің үйсін ұлысының билеушісі әрі көшбасшы болғандығын білетіндер қатары көп емес. Осы орайда шырайлы Шымкент қаласының теріскей жағындағы биік төбеге Бәйдібек би ескерткіші тұрғызылды.

Ескерткіштің дәл осы орынға қойылуының өзіндік себептері бар: біріншіден, қалаға кіре беріс даңғыл жол Бәйдібек бабаның есімімен аталса, екіншіден, ескерткіш орнатылған бағытта Бәйдібек ауданы бар.

Биіктігі 10 метр, салмағы 9 тоннаға жуық алып ескерткішке айналған от ауызды би ұрпағының өзіне деген құрметін сезініп, ризашылығын білдіргендей күншығысқа құшағын айқара ашып, бір қолына асатаяғын ұстап, ауызбіршілікке шақырып тұрғандай...

Бір қарағанда ескерткіш Рио-де-Жанейро қаласындағы Кешірімді Иса Пайғамбар мүсініне өте ұқсас келеді. Ескерткішті жасаған – сәу­летшілер Насыр Рүстемов пен Дәурен Әлдеков. Тұғырымен қосып есептегенде Бәйдібек би - Қазақстандағы ең үлкен ескерткіш мәртебесіне ие болды.

Ескерткіштің жақ­тауына «Еліміз­дің іргесін бекітіп, ұлы мемлекет құру барысында ұлы ба­бамыз Бәйдібек ханның аруағы баршамызды қолдап жүрсін!» деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі жазылған екен.

Ескерткіштің айналасына болашақта жастардың сүйікті орындарының біріне айналатын көрікті гүлзар мен тарихи этносаябақ ұйымдастыру жоспарлануда.

Суреттер:inform.kz,serke.org

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8185 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 09:55
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 11:12

Пах, шіркін! Алыбын-ай, ғаламат!

+0
06 қараша 2012, 11:18

осыдан екі ай бұрын қаңырап бос тұрған орында мынадай алып ескерткіш пайда болады деп ойламаппын, тан калдым! Өзім Бәйдібек ауданында туып өскендіктен бе, өт ыстық көрінді)

+0
06 қараша 2012, 12:06

Мәссаған үлкен екен, құтты болсын !

+0
06 қараша 2012, 13:11

Құтты болсын! Өте игі қадам болды!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...