Туған күніңмен, Шым шаһары!

Туған күніңмен, Шым шаһары!

Оңтүстіктің 80 жылдығы мен Шымкент қаласының туған күнін қала тұрғындары 27 қазаннан 3 қарашаға дейін дүркіретіп тойлап өтті. Шымкент күнінің шымылдығын әл-Фараби атындағы орталық алаңда сағат 21:00-де өткен от шашу жапты.

Қазақстанның төрт аяғын тең басқан белді қалаларының бірі болған бұл шаһар талай дүлдүлдердің тұсауын кесті. Алып қаладан жан-жаққа тұлпарлар шауып, сұңқарлар қанат қақты.

Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.

Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. 

2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығын III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.

Массагет.кз ұжымы бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан киелі оңтүстік жұртшылығын төл мерекесімен құттықтайды!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: entquick.net

А. Әбілхан