Израиль сәулетшісі Ақтауда «мінсіз қала» салмақ

Израиль сәулетшісі Ақтауда «мінсіз қала» салмақ

Тель-авивтың Амнон Рихтер есімді сәулетші Ақтау қаласының маңынан 50 мың адамға арналған қалашықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды IzRus израильдік ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, Амнон Рихтер Израильдегі анархия мен «америкаландырудан» шаршаған екен. Қалашық аумағының ені мен ұзындығы екі шақырым болатын шаршы алаң. Ал теннис ойнайтын алаңдарды қоршаған үйлердің биіктігі 6 қабаттан аспайды екен. Мұнда тіпті велосипедке арналған жол да болмақ.

Ақтаудан басқа да қалаларда Амнонның сызбасы арқылы «мінсіз қалашық» тұрғызылады. Соның ішінде, Нью-Йорктың (АҚШ) Орталық саябағы талданған, ал Барселона (Испания) қаласының ішкі алаңқайы бар тұрғын үй кешендері нысанға алынған.

Айта кететіні, сәулетшінің Ақтау қаласында тұрғызылатын қалашығының сызбасы Маңғыстау облысындағы «Ақтау-сити» жобасына өте ұқсас. Десек те, «Ақтау-сити» мен «Кендерлі» шипажайлы мекенінің жобасы жақында салынып бітпейді.

Израиль баспасы, сонымен қатар, Ақтау қаласы тұрғындарын сумен қамтамасыз ету технологиясына сын көзбен қараған екен. Соғылғалы тұрған қалашықтың да ең бір әлсіз тұсы осы болып отыр.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: futubra.com

А. Құлтай