Ресейдің атышулы «Их нравы» атты бағдарламасының келесі тақырыбы – Қазақстан

Ресейдің атышулы «Их нравы» атты бағдарламасының келесі тақырыбы –  Қазақстан

Ресейдегі НТВ телеарнасының түсіру тобы биыл елімізде болып қайтты. «Их нравы» бағдарламасының журналистері «Орта-азия барысы» жайлы қызықты ақпаратты дайындау мақсатында Қазақстанның әсем табиғаты мен бай мәдениетін дәріптеуді жөн көріпті.     

«Экспресс К» газетіндегі бұл хабарда «энтевешниктердің» Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Арал қалаларында болғанын жазады. Бұдан басқа, ресейлік журналистер елді-мекендер мен ауылдарды, қорықтар мен алқап даланы жүріп өтіп, Арал теңізінің жағалауына дейін барған. Шетелдік әріптестеріміздің басты нысаны – басты портымыз Ақтау, «Қазақстан Швейцариясы» атанған Бурабай және «ХХІ ғасыр астанасы» - Астана  қаласы екен.

14 қазанда эфирге шығатын бағдарлама толығымен Ақтау табиғатына арналады. Түсіру тобы Каспий теңізінің жағалауы ғана емес, сонымен қатар ғасырлардан қалған мазарларды, жер асты мешіттері, ежелгі қалашықтар қазбаларын да аралапты. Ал бұдан кейінгі екі сюжет 18 қараша және 16 желтоқсанда көрсетілмек. Ал қалған сюжеттерді көрермен келесі 2013 жылдың басына таман көре алмақ.

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: ntv.ru

А. Құлтай