Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Халық тойға кешігіп келуге қалай әдеттенді?

Халық тойға кешігіп келуге қалай әдеттенді?

Халық тойға кешігіп келуге қалай әдеттенді?

Қарапайым ғана сұрақ. Халық неге сондай?

Ес біліп, ақыл қонғалы бері талай дүбірлі тойдың шаңын шығарып, мәре-сәре болып келдік. Осы күніме дейін уақытында басталған бірде-бір тойға куә болып көрмеппін. Қазіргінің тойлары міндетті түрде 2-3 сағат кешігіп барып басталады.

Қазір ойға қалам. "Япыр-ай, халқымыздың соншама асықпайтындығының себебі не екен?" - деп. Сондағы түйгендерімді назарларыңызға ұсынып көрейін.

Бір қызығы КСРО кезеңінде өтетін тойлар уақытында басталып, межеленген уақытта аяқталатын. Бұны ата-анамыз бен ағаларымыз растайды. Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет құрғаннан кейінгі мәселе басқа. Ойлап отырсақ, кешігіп келу дәстүрі осы сәттен бастау алды. Себеп не?

Себеп - материалдық қиыншылық. Ол қалай дейсіз бе? Түсіндірейін. 91 жылдары Қазақстан дербестікті жаңа ғана алып, аяғына тік тұра алмай, есеңгіреп жатты. Сәйкесінше халықтың тұрмысы да өте нашар жағдайда еді. Тойға киетін киім түгілі күнделікті жүріп тұрудың өзі мұң болып тұрған уақыт еді. Естеріңізде болса, екі ауысымда оқитын бір үйдің балалары бір етікті кезектесіп киген уақиғалар көп болатын.

Менің ойымша, сол жылдары үстіндегі киімінен ұялған халық көпшіліктің арасына сіңіп байқалмай кетуі үшін кешігіп келуді әдетке айналдырған болуы керек. Сол бір жарымжан психология халық арасында кең таралып, уақыттың өтуімен дәстүрге айналды.

Шүкір, қазіргі халықтың тұрмысы сол жылдармен салыстырғанда жақсырақ. Дегенмен әдетке айналған бұл құбылыстан арылу әлі күнге дейін мүмкін болмай тұр. Себебі уақытынан өте кеш басталатын той туралы түсінік халықтың санасында әбден сіңіп қалған. Бұл олқылықты түзесе, тек кейінгі ұрпақ түзейді. Жиырма жыл бұрынғы қатігез заманның құрбаны болғандардың түсінігін өзгерту туралы ойланбауға да болады.

Автор: Еркебұлан Қайрахан

сурет: restoran.kz

1689 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 16:16
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 14:51

Расымен, қазір де ертерек барсаң, біртүрлі боласын)

+0
09 қазан 2012, 15:00

5те деген той 8де басталадыго. Казiр сол ушiн тойга барарда асыкпай баратын болдым. Айтпесе,жалгыз озiн турасын,сокайып.

+0
09 қазан 2012, 17:52

айтқан уақыттарынан 2 сағат кешігіп барсаң болады, дастарханды да сол кешігуге есептеп жасайды ғо

+0
12 қазан 2012, 00:00

Адамдар үнемі кешігумен жүреді. Шақырылған жерге кешігіп бару әдет. Ал уақытында барғыңыз келсе, күтпеу үшін кешігіп барасың. "Менің ойымша, сол жылдары үстіндегі киімінен ұялған халық көпшіліктің арасына сіңіп байқалмай кетуі үшін кешігіп келуді әдетке айналдырған болуы керек." Келісу қиын екен..

+0
07 қаңтар 2013, 18:41

))) себебін білмей жүр едім ))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Адамзаттың ұлы өнертабыстары
Адамзаттың ұлы өнертабыстары

Ұлы өнертабыстарға көз жүгірте кетейік!

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...