БҚО-да 50 килограмм жайын қармаққа түсті

БҚО-да 50 килограмм жайын қармаққа түсті
Фото: oknews.kz

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Мәштексай ауылдық округінде  ұзындығы адам бойымен бірдей 50 килограмм жайын балық қармаққа түсті.

Мұндай олжаны қолына түсірген Әлімбай Айғалиев өзін шебер балықшы деп есептемейтінін айтады. Бар өмірі Қараөзен өзенінің жағасында өтіп жатқандықтан кей-кейде балықшылықты ермек етеді екен. Осыған дейін ірілі-ұсақты балықтар түсіп жүргенімен, бұл жолғы олжасының орны бөлек.

Өзеннің мұзы ерісімен Әлімбай өз әдетінше қармақты салып қойып күтіп отырған. Бір мезгілде қармақ ауыр басып, төмен тартылғанда балықшы үлкен олжалы болғанын түсінеді. Әрине, адам бойымен бірдей балықты жағаға шығару оңайлыққа түспеген, дегенмен, бұйырған кетпеді. Мінекей! 

А. Оралқызы