1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні
Фото: ustazdar.kz

Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні. Массагет сайты барша қазақстандықты мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтайды. Бірлігіміз жарасқан, тірлігіміз әрі асқан халық болайық. Өзге халықты қадірлейік, өз ұлтымызды сүйейік. 

Басқа халықтармен тату тұру үшін ынтымағы жарасқан ел болуды өзімізден бастайық. Жақындарымыз бен жекжат-жұрағамытымызға жанашырлық танытып, көмек қолын созуға әзір болайық. Ешкімге көз алартпай, барымызды бөліп беруге әзір болсақ, алауыздық бізден қашық болар. Жақсылық жасап жарысайық деген сөздер құрғақ ұран боп қана қалмай, жүзеге ассын. Жүрегімізді жылуға, жүзімізді нұрға толтырайық. Барлығына бірдей адал да мейірбан болайық. Өз бауырларымызбен қырғи қабақ болмай, іш тарлық танытпай, кең пейіл бола білсек, өзге халыққа да құшақ жаяр кеңдігімізден ажырамаспыз! Бар болайық, нар болайық, татулықтан танбайық!

@. @assel_assanova