Алматыда жанат ыдыс жуып жүр

Алматыда жанат ыдыс жуып жүр
Фото: Видеодан скрин

Жұмыстан не сабақтан шаршап келгенде, асүйіңізде қалған ыдыстарды бір жанат жуып беріп жатса, таңғалар ма едіңіз? Таңғалу былай тұрсын, кейбіріңіз сүйсініп қарасаңыздар, кейбіріңіз қуып шығудың амалын іздейтін боларсыздар? Мұны жазуға Алматыда болған қызық оқиға себеп болып отыр. 

Жанаттың бұл қалаға қалай тап болғаны белгісіз, бірақ бұл үйге ашық тұрған терезе арқылы қонақ болып отыр. Адамдардан қорықпағанына қарасақ, қолға үйретілген болуы мүмкін. Әлеуметтік желіде қолданушылар жанаттың қалай пайда болғанын болжап әлек. Олардың кейбірі "алдыңғы иесі ыдыс жуғызып үйреткен болуы керек, содан шаршап қашып кеткен болар" деген екен.

Осындай жағдайға тап болсаңыз, қайтер едіңіз?

Г. Берік