Алматының мұз айдындары

Алматының мұз айдындары
Фото: vkovalcik/depositphotos

Мұзда мәнерлеп сырғанау қысқы спорттың ең әдемі түрі екеніне ешкім дауласа қоймас. Айдында жүйткіп, неше түрлі акробатикалық іс-қимылдарды көрсеткенде, еріксіз таңдай қағасың. Чемпион болмасақ та, әрқайсысымыздың таза ауамен тыныстап, айдында конькимен сырғанағымыз келеді. Назарларыңызға Алматы қаласындағы мұз айдындардың тізімін ұсынамыз.

 

  1. «Абай» мұз айдыны. Мекен-жайы: 8-ықшам ауданында, Абай даңғылының бойында Өтеген батыр көшесі мен Алтынсарин даңғылының арасында орналасқан. Айдынға кіру билетінің бағасы: 500 теңге. Конькиді жалға алу бағасы: 1 сағат=300 теңге.
  2. Шаляпин көшесі мен Алтынсарин даңғылы қиылысында орналасқан мұз айдыны (Н.Сац атындағы театр ғимаратының артқы жағында). Айдынға кіру билетінің бағасы: 700 теңге. Конькиді жалға алу бағасы: 1 сағат=300 теңге.
  3. «Алтын орда» мұз айдыны. Мекен-жайы: Ходжанов көшесінің бойында орналасқан. Айдынға кіру билетінің бағасы: үлкендер үшін 500 теңге, балалар үшін 300 теңге. Конькиді жалға алу бағасы: 1 сағат=200 теңге.
  4. Төле би мен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан мұз айдыны. Айдынға кіру билетінің бағасы: 500 теңге. Конькиді жалға алу бағасы: 1 сағат=300 теңге.
  5.  «Artcic ice four seasons» мұз айдыны. Мекен-жайы: Райымбек даңғылы, 239-б, «Maxima» сауда ойын-сауық кешені. Айдынға кіру билетінің бағасы: 1 сағат=350 теңге, 30 минут=250 теңге.
  6.  «AltynKargaly» мұз айдыны. Мекен-жайы: Жандосов көшесі, 204. Айдынға кіру билетінің бағасы: үлкендер үшін 500 теңге, балалар үшін 200 теңге. Конькиді жалға алу бағасы: 1 сағат=500 теңге.
  7.  «Ақ Барыс» мұз айдыны. Мекен-жайы: Ақсай-1а ықшам ауданы. Айдынға кіру билеті мен конькиді жалға алу бағасы: 500 теңге.
  8. Медеу мұз айдыны. Мекен-жайы: Медеу шатқалы. Айдынға кіру билетінің бағасы: үлкендер үшін 1600 теңге, студенттер мен мектеп оқушылары үшін 800 теңге, балалар үшін 500 теңге, 7 жасқа дейінгі балаларға тегін. Конькиді жалға алу бағасы: 2 сағат =1000 теңге.
  9. «Mega ice» мұз айдыны. Мекен-жайы: Абай даңғылы, 50 және «Mega Center Almaty» сауда ойын-сауық кешені. Айдынға кіру билеті мен конькиді жалға алу бағасы: 30 минут=800 теңге, 1 сағат=1300 теңге.

Фото: massaget.kz/Болат Айтмолда 


Барлық мұз айдындарында айлық абонементтер мен жеңілдіктер қарастырылған. Айдындарда хоккей ойнауға болады. Ал конькимен сырғанай алмайтын жандар арнайы құрылғылардың көмегімен мұзда сырғанауына мүмкіндік бар. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ғ. Ұзақ