Мохнаткадағы өртке видеролик арналды

Мохнаткадағы өртке видеролик арналды

ҚазНетте "Табиғатты жоя отырып, өзімізді өлімге итермелейміз" атты әлеуметтік видеоролик пайда болды.

Бейнебаян «Көзіңді аш - 2012» конкурсына арнайы түсірілген. Туынды авторы мультипликатор Глеб Пономарев.

Видео Алматы қаласы маңындағы тауда орын алған өрттің салдары мен нәтижесіне арналыпты. Автор осылайша барлық адам баласын қоршаған ортаны қорғауға шақырып отыр.

Естеріңізге сала кетелік, 22 тамыз күні Іле Алатауы ұлттық паркіндегі Мохнатка шатқалының шығыс бөлігі отқа оранған болатын.

Апат 21 гектар аймаққа жайылған еді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 700 адам, 62 өрт сөндіру көлігі мен ұшақтар пайдаланылды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: youtube сайтынан скриншот