Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Қазақстан барысы" додасы басталды

"Қазақстан барысы" додасы басталды

Бүгін Астана қаласында «Қазақстан барысы» атты республикалық турнирдің ашылуы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт додасына қатысуға ниет білдірген палуандарымыз жеребе тастау салтанатын сәтті өткізіп, ең үздік деген атақ үшін таласты бастап та кетті.

Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев турнирдің өте қызықты өтетіндігіне сөз берді.

Президент өз сөзінде: «Өткізіліп отырған шараның қазақ күресін дамытудағы рөлі ерекше. Дәл қазір алпысқа жуық мемлекет интернет арқылы күрес ойындарын тамашалайтын болады. Бұл біздің ұлттық спорт түріне деген үлкен жарнама. Біздер күресті дамытудаға жобаларды 2004 жылдардан бері үзбей жүргізіп келеміз. Былтырғы жылдан бері жастарымыз үздіксіз телефон шалып, бұрынғыдай дзюдо туралы емес, қазақ күресі туралы сұрай бастады. Биылғы жылдың жеңімпазы 150 мың доллар мен автокөлікті иемденетін болады. Тіпті, сегізінші орын алған палуандарға да сыйлығымыз дайын. Президент бола  тұра кімнің жеңімпаз болатындығын білмей тұрмын. Кім күшті, сол жеңімпаз атанады деп ойлаймын»-деп ағынан жарылды.

Ұлттық спортымыздың дамуына үлестерін қосып жүрген палуандарымызға тек сәттілік тілейміз!

Сурет: Vesti.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2114 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 қыркүйек 2012, 18:13
Пікірлер
+0
22 қыркүйек 2012, 23:53

видеосын неге салмайсыздар? сурет пен мәтінді газет-журналдан-ақ оқып алармыз

+0
23 қыркүйек 2012, 01:39

ТДдан тікелейден көрдік, бұл бір есте қаларлық жайт болды, нағыз алып, нағыз дарабоз ғой қазақтың жігіттері.
Зал, кілем, қараша үй, аң терісі бәрі-бәрі дайындық дәрежесінен хабар беріп тұр. Тек, әттең "шығармашылық тұсы" қынжылтты. Өлең, өнер, айтыс десе ішкен асымды жерге қоятын мен үшін айтыс ұйымдастырған түрлері ұнамады "жетім қыздың тойындай". Айтыс дейтіндей айтысқан жоқ, бір-бір шумақтан айтқызды, ақындарда айып жоқ (АҚЫНДАРДА ЕШҚАШАН АЙЫП БОЛМАЙДЫ), тек сырт көзге "апайға үй тапсырмасын орындап" келген баладай боп қалды, жоға жырды жаттап келді демейм, тек екеуі бір микрофонға кезекпен келіп "барысты мақтап" жыр айтты да кетті. Айтыс дейін десең сыйқы жоқ, демейін десең екеу шықты екі шумақты айтуға. Әй, апталап созылатын айтыс ұйымдастырмаса да тым болмаса екі микрофон мен орындық берсе етті. АҚЫНҒА БАР ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУ КЕРЕК. Иә болмаса мүлде керек емес еді. Не болды енді иә айтыс емес, иә айтыс емес емес. Сол жағына аздап ренжідім...
Және Ұланның өз статусын қорғап қала алмағаны өкінішті. Бірақ, нағыз жеңісі алда. Алла жолын ақ қылсын!

+0
23 қыркүйек 2012, 21:38

Прям жігіттер ұзын иықты толық мығым. Біздің жігіттер бір алыптар сияқты иа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...