Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ұлы саяхатшы қазақ жеріне қонаққа келді

Ұлы саяхатшы қазақ жеріне қонаққа келді

Ұлы саяхатшы қазақ жеріне қонаққа келді

"Каспийге ырғу. Развал көлі - Басқыншақ көлі" экспедициясының аясында Атырау қаласына орыс саяхатшысы, әрі жазушысы, әрі суретшісі, әрі дін қызметшісі Федор Конюхов қонақ болды, деп хабарлайды Ақ Жайық газеті.

Федор әкей қазір 61 жаста. Тынымсыз саяхатшы осы уақытқа дейін жер бетін мұхит арқылы 6 рет айналып шыққан. Ол, сонымен қатар, 17 рет Атлант мұхитын қиып өтіп, жердің екі полюсына да аяқ басып, бірнеше тау шыңын бағындырған. Конюхов осы экспедициялардың көпшілігін жалғыз өзі іске асырыпты. Ал бұл саяхаттардың нәтижесі - сансыз картиналар мен 9 кітап.

Экспедиция Атырау жеріне аяқ баспас бұрын Батыс Қазақстан, Волгоград, Астрахан даласын кесіп өткен. Федор Филиппович осылайша алғаш рет еліміздің батыс өңіріне құдайы қонақ болып отыр. Өзінің айтуынша, саяхатшы болашақта ұйымдастырылатын "Каспийді түйемен айналып өту" экспедицияның аясында бұл өңірге тағы бір соғып кетпек. Бұл сапар өз басын Астраханнан алатын болады.

"Сіз, жалпы, үйіңізде отырасыз ба?" деген сұраққа Конюхов жай ғана жымиып: "Кейде барамын. Дегенмен ұзақ тұрақтамаймын", - деп жауап берді.

Экспедицияның жетекшісі Орынбор облысындағы Соль-Илецк ауданының басшысы Юрий Вдовкиннің айтуынша, негізгі мақсат - шекара маңындағы екі облыс арасындағы байланысты кеңейту. Айта кетелік, саяхатшылар Развал, Басқыншақ көлдерінен басқа, Индер ауданындағы бірнеше тұзды көлге жол тартуды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Қанат Елеуов

2877 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 10:23
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...