Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Kaspi banк-тің жаңа кеңсесі ашылды

Еліміздің жетекші банктерінің бір Kaspi banк өз құндылықтарының, дәстүрлері мен болашақ жоспарларының көрінісі болған жаңа бас кеңсенің тұсаукесерін өткізді. 

Тұсаукесер рәсімін бастан-аяқ жүргізген банк басшысы Михаил Ломтадзе өз сөзінде: «Kaspi bank – бұл жай ғана комапания немесе кәдімгі банк емес, біз клиенттеріміз үшін әрдайым қызықты өнімдер жасауға мүмкіндіктер іздейтін және біздің бәсекелестерімізге қарағанда оларды жақсырақ жасайтын командамыз. Біз әрдайым өзгеріп отырамыз, жақсара түсеміз, жаңа идеяларды ойлап тауып, іске асырамыз. Біздің жаңа кеңсеміз біздің тәсілімізді, дамуға деген ұмтылысымызды көрсетеді», - деп айтып өтті.

Оның айтуынша, жобаны жасаған кезде түрлі әлемдік компаниялардың көптеген үлгілері қаралған. Яндекс, Google, Facebook және Apple сияқты танымал компаниялардың кеңселері Kaspi bank-іне керемет кеңсені жасауға шабыт берген.

Жаңа кеңсе 12000 шаршы метрді және 7 қабатты құрайды. Құрылысты салған кезде 12 000 шаршы метр әйнек пен 100 шақырым кабель жұмсалған. Кабельдің мұндай көлемімен Ла-Манш арқылы Англия мен Францияны екі мәрте қосуға болатын көрінеді.

Ғимаратта қызметкерлердің бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін ашық жұмыс кеңістігі мен келіссөздер жүргізетін бөлмелер өте көп.

Қабырғаның орнына әйнектер пайдаланылған. Әр қабатта бір шыны кофе ішіп, бейресми кездесулер өткізілетін Kaspi кафе, әйгілі адамдардың афоризмдерін немесе туған күнге тілектер жазуға болатын Kaspi қабырғалар, сондай-ақ кез келген уақытта сөйесуге мүмкіндік берілетін «Kaspi алло» атты сөйлесу кабиналары ұйымдастырылған.

Банктің келесі бір керемет жаңалығы –  интернет бөлімшесін қоса отырып, "Тегін» төлемдер" атты қызметті ұсынуы. Банктің клиенттері kaspi.kz сайтындағы «Тегін төлемдердің» арқасында комиссиясыз әрі кезекте тұрмай-ақ ұялы телефонның балансын толтырып, коммуналдық қызмет ақысы мен басқа да төлемдерді үйінен немесе кеңседен шықпай, тіпті ұялы телефоны арқылы жылдам әрі оңай төлей алады.

Kaspi bank – Қазақстандағы сенбі-жексенбі күндері де жұмыс жасайтын жалғыз банк болып табылады. Михаил Ломтадзе 9999 нөмірі күндіз-түні тегін қызмет көрсететіндігін бірнеше рет айтып өтті.

Тұсаукесер соңында банк қызметкерлері қонақтарға кеңсе ішіне шағын саяхат жасатып, дәмді тағамдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет автордікі

1585 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2012, 13:44
Пікірлер
+0
17 қыркүйек 2012, 14:25

Бұл банк туралы ойымды айтпай-ақ қояйын

+0
17 қыркүйек 2012, 14:27

Қызметін қолданып көрмеппін, тек "Каспий тұрғанда, басқа банкті қайтесіз" деген теледидардан үздіксіз берілетін жарнамасы құлағымда қалыпты :roll:

+0
17 қыркүйек 2012, 15:06

Какай банк...

+0
17 қыркүйек 2012, 15:53

Депозиттік пайызы анағұрлым жоғары.

+0
17 қыркүйек 2012, 16:32

Интернет қолданушыларына жаңа өнім ұсынып жатыр

+0
23 қыркүйек 2012, 00:00

каспий банктың жарнамасы ғана болыпты. бәлкім, презентациясын жақсы жасаған шығар, соған журналистер "сынып" қалып жатады. Елге үстемемен қарыз беруді неге сонша созғылағандарыңды түсінбедім... түсінбейтін де шығармын

+0
23 қыркүйек 2012, 00:08

Ал бір кездерде бір мәрт кісі 70 балаға (!) өз атындағы грантты үлестіргенде ләм-мим деп ауыз ашпаған ақпаратшылар енді келіп, банкты (!) жарнамалағанын көріп, қаным қайнап отыр. Мәселе авторға айтылып тұрған жоқ, редакторларға. Қысқасы, өздерің біліңдер

+0
23 қыркүйек 2012, 02:17

жазатын дуние курып калып,енди жарнамага тустиндерме, ылги жастар iстейтiн мекемесiндер, фантазияларынды неге коспайсындар, жаксы дуниелер,улги алатындай жас жеткiншектер.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...