«Alma DANCE» мерекелік концертінен қалыс қалмаңыз!

«Alma DANCE» мерекелік концертінен қалыс қалмаңыз!

Бүгін Ару Алматымыздың мерейлі мерекесі. Бұл күнді әркім әрқалай тойлауда. Әйтеуір бәріміз де салтанатты шаралардан қалыс қалмай, көңіл-күйімізді көтерудеміз. Бүгін осы құрметті күнге орай, Алматы қаласы әкімшілігі қала тұрғындарына концерт тарту етеді. Эстрада жұлдыздары ең әдемі әндерді Алматыға арнап шырқайды.

Орталық стадионда өтетін концертке атақты әртістер жиналады. «Орда», «КешьЮ», «Buhar Jerreau», «Chick Flick», «Индиго», Нұржан Керменбаев, Әлішер Кәрімов, Сон Паскаль сынды жарық жұлдыздар сахнаны жандырмақ. 

Сағат 19:00-де жұлдыздар Алматы тұрғындарын Орталық стадионда күтеді. Кіру тегін. 

Ақпарат көзі: almatykuni.kz

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: tbmkaz.kz

М. Оңғарова