Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Тарих беттеріндегі Алматы - 2

Тарих беттеріндегі Алматы - 2

Тарих беттеріндегі Алматы - 2

Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайындағы Ресей империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Бекініс 1867 жылы Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналады.

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталады. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау қайты өзгертіліп Верный қаласы күйінде қалады. Верный осы жылдан бастап Қазан революциясына дейін Түркістан генерал губернаторлығына қарасты Алатау окургының орталығы болады. Негізгі халқы – қазақ, орыс, татар, ұйғыр және дүңген. 1896 жылы 100-ге жуық жұмысшысы бар қалада небәрі 4 өнеркәсіп орны, сыра, арақ зауыттары, темекі фабрикасы мен көптеген ұсақ қолөнер шеберханалары жұмыс істеді.

1913 жылы жұмысшылар саны 500-ге жетіп, сауда орталығына айналған Верныйдың экономикалық маңызы жылдан-жылға арта берді.Оқу және мәдениет орындары ашыла бастады. П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М. Пржевальский, Г.Н.Потанин сынды атақты ғалымдардың экспедициялары да осы қаладан бастау алды. 1956-64 жылдар аралығында Ш.Уалихановтың өзі бірнеше рет Верныйға келіп жұмыс істеген.

1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитеті бұйрық шығарып, қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертіледі


1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. Дәл осы сәттен бастап Алма-Ата жаңа өрлеу бағытына түсті. Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді.


1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылады. 

Астана деген асқақ атты 70 жыл бойы иемденген Алматы небір қиындықтарды бастан өткерді. Тағдыр соқпақтарына қасқайып қарсы тұра білген қарт қала алып шаһарға, талайлардың алғашқы махаббатына, армандарды орындайтын сиқырлы мекеніне айналды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылады.

Бүгінгі күні көрікті әрі еңбекқор қаламыз еліміздің ең ірі өнеркәсіп, қаржы және өнер, мәдениет орталығы болып отыр.

Жасыма, жайқала бер, жасай бер, ару қала ала Алматы! 

Суреттер:megdad.kz,vas-pop.livejournal.com,vernoye-almaty.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4366 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 қыркүйек 2012, 11:50
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...