Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Алматым, неткен сұлу сәулетің!

Алматыда туып-өскен әрбір адам өзін айбынды Алатау шыңдарының ажырамас бөлшегіндей сезінетіні анық. Көк желекке оранып жатқан қала табиғаты тамаша, күнмен шағылысқан ақбас құзар шыңдар қаланы қоршап жатыр. Олар аптап ыстықта Алматыны салқын самалымен сергітіп, тынысын кеңейтсе, қыстың аязды күндерінде өткір желдің лебінен қалқалайды.

Еңіске қарай сарқырай ағатын тау өзендерінен қалыспаймын дегендей, Алматы көшелері мен даңғылдары да жоғарыдан төмен, оңтүстіктен солтүстікке құлдилай орналасқан. Алатаудың жартасының төсін тіліп, қаланы қақ жарып өтетін Үлкен және Кіші Алматы, Есентай өзендері жолай аққан хауыздар мен арықтардың шөлін қандырып, Қапшағай теңізіне барып құяды.

Бас айналатын шырқау биіктен төмен түсіп келе жатқанда, Медеудің күмістей жылтыр ақ айдыны алдыңыздан шығады. Осылайша қаланың ішіне еніп кете барасыз.

Одан бері Достық даңғылының бас жағы мен Әл-Фараби даңғылының бойында едәуір жер сілкінісіне төтеп берерлік әрі көрікті ғимараттар сап түзеген. «Таулы қырат» аумағындағы тұрғындардың өз қалаулары бойынша тұрғызылған үй-жайлар әрқилы нақыш өрнектерімен назарыңызды аудартады. Тап бір Еуропа көшелеріндей...

Айналаңызға көзіңізді жіберсеңіз, алдыңғы жылы алауы Астанада жағылып, шымылдығы Алматыда жабылған спорт додасы VII Қысқы Азияда ойындарынан қалған "мұра» - Халықаралық шаңғы трамплинін көре аласыз. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылындағы қаламыздың негізгі тұрғындары студенттердің мекені – ҚазҰУ қалашығына соқпай кетсеңіз, тағы болмас.

Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан бастап, қаланың сәулеттік келбеті әкімшілік үйлерінің үлгісінде бой түзеген ғимараттарға ауысады.

Алдарыңыздағы қарапайым ғимарат кезінде біздің қаламыздың муниципалды әкімшілік орталығы болды. Ал қазір бұл – Алматының әкімшілігі. Бұл айырмашылықтан қаламыздың қалай өзгергендігін және шаруашылықтың күрделенгенін байқауға болады.

«Алтын адам». Сақ сарбазының тұлғасымен бейнеленген 26 метрлік стелла.... Республика алаңы – егеменді Қазақстанның басты сәулет рәміздерінің бірі. Бұл қаладағы ең үлкен алаң. Оның ұзындығы 580 метр, ал ені 210 метрді құрайды. Жаңа алаңда орналасқан монумент қазақ халқының дамуы мен қалыптасуын баяндайтын тарихи шежірені бейнелейді.

Атақты «Көктөбедегі» бұл телевизиялық діңгек сегіз жыл бойы салынды. Мұнараның ұзындығы 370 метр, дегенмен бұл мұнараның басындағы антеннасы теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан. «Сталлактитпен» әшекейленген аппараттық-студиялық кешенде қазақ телевидениесінің 2 павильоны және 146 метр биіктікте көру алаңы – мейрамхана орналасқан.

Біле білсеңіз, біздің қаламыздың өзіндік Эйфель мұнарасы бар. Ол Алматыдағы Француз үйіне кіре берісте қойылған.

Мұнара 2001 жылы тұрғызылды. Оның биіктігі 33 метрден асады, он есе кішірейтілген көшірме 31 тоннаны құрайды.

Қазақстандағы ең үлкен спорт сарайы да Алматыдағы Абай және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол – Балуан Шолақ атындағы сарай. 1967 жылы ашылған сарайда 4 мінберлі 6 мың орындық үлкен зал, жасанды мұз жасайтын бөлімі бар мұз аренасы жұмыс істейді.

Балуан Шолақ сарайына жақын орналасқан республиканың тұңғыш спорт ғимараты – Қазақстанның Орталық стадионына да бұрылып қойыңыз.

Бұл ғимарат 1655-1657 жылдары А.Я.Коссов, А.Лепик, А.Қ. Қапанов жобалары бойынша тұрғызылған.

Жалғасы бар...

Суреттер: yvision.kz,loadgame.kz,ru.uefa.com,fckairat.kz,maps.resurs.kz,

skyscrapercity.com,janaozen.net,rozatai.wordpress.com,kerekinfo.kz

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4333 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 қыркүйек 2012, 18:26
Пікірлер
+0
13 қыркүйек 2012, 19:07

КазГУ-ым менің, Алматым менің :)

+0
14 қыркүйек 2012, 09:01

Осы қалада жүрсекте әдемілігін толықтай білмейміз :oops:

+0
15 қыркүйек 2012, 11:51

Туған қалам ғой менің))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...