Қазақстандықтар ұшақтағы көршісі туралы интернеттен біле алады

Қазақстандықтар ұшақтағы көршісі туралы интернеттен біле алады

Қазақстандықтар ұшақтағы сапарлас болатын көршілері туралы Facebook және LinkedIn әлеуметтік желілерінен оқып біле алады. Бұл туралы KLM әуекомпаниясының баспасөз-қызметі хабарлады.

Нидерландтық компания өзінің Meet & Seat қызметі арқылы тұтынушыларға осы мүмкіндікті ұсынып отыр. Ол үшін кез кезген саяхатшы билетті брондаған соң, өзінің Facebook немесе LinkedIn желілеріндегі профилімен бөлісуі керек. Осыдан кейін азамат өзімен көрші отыратын адамның профиліне өтуге мүмкіндік алады. Оған сонымен қатар, ұшақтағы басқа адамдар туралы ақпарат алуға да мүмкіндік беріледі.

Инновациялық онлайн-қызмет жаңа таныстықтарға құлықты адамдарға арналған. KLM компаниясы таратқан ақпаратта: "Жолаушы klm.com сайтындағы "Брондауды басқару" мәзірі арқылы өзінің Фэйсбуктегі немесе Линкединедегі профилімен бөлісіп, ұшақтағы басқа да сапарластарымен таныс бола алады. Оның, сонымен қатар, өзіне орын таңдап алуға да мүмкіндігі болады", - делінген.

Аталған қызмет ұшу уақытынан 90 күн бұрын 48 сағат уақыт қалғанға дейін тек континентаралық рейстер үшін қолжетімді болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: taninfo.ru