Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Жай ғана блог емес, енді көрме

Жай ғана блог емес, енді көрме

Жай ғана блог емес, енді көрме

Өмірде ара-тұра мүмкіндіктері шектеулі балалар мен адамдарды кездестіріп қаламыз. Оларды көргенде қандай сезімде боламыз? Көбінесе адамдар мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенде, өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Ал олардың не сезіп, нені армандайтынынан, қандай өмір сүретінінен мүлде бейхабар.

Ең алғаш Бақытжан атты ми сал ауруына шалдыққан мүгедек жасөспірімді көрген француздық суретші Николя Журну да осындай сезімде болған. Николя мүмкіндігі шектеулі жанұялардың үйлеріне қайырымдылық жасау мақсатымен барған топтың арасына кіріп, Бақытжан және оның отбасымен осыдан екі жыл бұрын танысады.

Бақытжан Жұманов

Николя Журну

Бақытжанмен етене араласып, достасып кеткен Николя мүмкіндігі шектеулі балалар қандай өмір сүреді, қандай қиындықтарды бастан кешіреді, отбасының атқаратын рөлі қандай, жалпы мемлекеттік деңгейде арбаға танылған адамдарға қандай жағдай жасалып жатыр деген мәселелерді қарастыра отырып, көпшілікке қызық болатындай комикстер салып, блог арқылы елге ұсынады.

Mesqueunblog.kz доменінде ашылған блог «Бұл жай ғана блог емес» деген атау алады. Бақытжанның сүйікті футбол клубы “Барселона”. Клубтың ұраны «Mes que un club» («Жай ғана клуб емес») атауымен үндеседі. Бақытжан компьютерлік ойындарды, әсіресе футбол ойнағанды жақсы көреді. Оның ең сүйікті спортшысы Лионель Месси. Ол өзінің өмірін Мессидің өмірімен ұштастырады. Бақытжан да ол сияқты футболмен өмір сүреді.

Ми салымен ауырады деген диагнозы болмаса, Бақытжан өзін қарапайым адаммын деп санайды. Тіпті комикстер желісі де «Super нормальный» деген тақырыпта өрбіген. Және комиксті басынан соңына дейін оқып шыққан адам бұған өзі көз жеткізеді. Комикс арқылы мүгедек жандардың сезімі мен ойларын, армандары мен қызығушылықтарын білуге мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта мүгедектер қандай проблемаларға тап болуда? Комикстің бірден-бір мақсаты сол кедергілерді мемлекеттік тұрғыда шешуге бағытталған.

Елімізде мүгедектер мәселелерін қамтып, шешімін табуға, халық санасында оң көзқарас тудыруға бағытталған жобаны қолға алған авторларға және ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіре отырып, көрме республикалық деңгейде еліміздің басқа да қалаларында жалғасын табады деген үміттеміз.

Mesqueunblog комикстер көрмесі Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында 4-14 қыркүйек аралығында өтеді. Ал көрмені тамашалай алмағандар, кез келген уақытта Бақытжанның Mesqueunblog.kz блогында басынан бастап, асықпай көруіне болады.

Суреттер: Анар Мұстафина, ekpin.kz, Mesqueunblog.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

2421 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 16:50
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 16:02

Блогы күшті, көрмесінде көру керек еді

+0
11 қыркүйек 2012, 22:07

кіріп көрейік, Бахамен достасайық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...