Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматылықтардың сүйікті орындары

Алматылықтардың сүйікті орындары

Алматылықтардың сүйікті орындары

1. «Арман» кинотеатры. 1968 жылы 3 қыркүйекте ашылған екі залды кинотеатр 2000 жылы күрделі жөндеуден өтті. VIP пен 344 орны бар 2 зал кеңейтіліп, жаңа кино және дыбыс құралдарымен жабдықталды. Салтанатты рәсімдер мен мерекелік іс-шараларды өткізетін «Арман»  ойын-сауық орталығына айналды. 1996 жылдан бері «Арман» кинотеатры «Еуропа-синема» Еуропа кино ассоциациясының мүшесі атанды. 

Мекен-жайы: Достық даңғылы, 104.
Метро станциясы: Абай

2. Арбат. Көпшілік қауым бұл жаққа суретшілер мен қылқалам шеберлерінің жұмыстарын көру үшін келеді. Сондай-ақ, арбатта көше музыканттарының орындауындағы танымал шығармаларды естіп, жиі өткізілетін фестиваль, көрме, жәрмеңкелерді көруге болады.
Мекен-жайы: Жібек Жолы даңғылы
Метро станциясы: Жібек Жолы

3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саябағы. 2010 жылдың шілде айында ашылған. Саябақ ортасында қаланың басты су бұрқағы орналасқан. Су бұрқақ көлемі 2820 куб, диаметрі 52 метр, су ағынының биіктігі 19,5 метр. Түнгі уақытта музыка қосылып, су бұрқақтарына түрлі түсті жарық түсіріледі.
Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы

4. Көктөбе. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбе тауы Алматы қаласының ең көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Көктөбеде мейрамханалар, Beatles ескерткіші, жануарлар бағы, алтыбақан, аттракцион орналасқан. Көктөбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісімен тамсануға болады. 


5. М. Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы. Аумағы 100 гектар саябақ Медеу ауданында орналасқан. 1856 жылы салынған саябақ алғашқыда «Казённый сад» деп аталды. Саябақта 2000-нан астам өсімдіктер мен жасыл желектер өседі. Қолдан жасалған су қоймалары (су аттракциондары, қайық станциялары), «Родина» кинотеатры, «Спартак» стадионы, велотрек, спорт кешендері, жануарлар бағы, мәдени іс-шараларды өткізетін алаңдар бар. 16 ірі аттракциондар жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері саябаққа келетін адамдардың саны 100 мыңға жетеді.
Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 1

6. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақ Медеу ауданында орналасқан. Аумағы 18 гектарға жететін саябақ ішінде Вознесенский кафедралық үлкен шіркеуі, Офицерлер үйі, Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы, даңқ мемориалы, И.В. Панфилов пен Бауыржан Момышұлы ескерткіштері бар. Тарихи ескерткіштер мен жасыл желекке бай саябақ Алматы тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті мекеніне айналған. 

7. Медеу спорткешені. Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан кешен 1972 жылы Медеу шатқалында салынды. Мұз айдыны еш қоспасыз, тау бұлағыннан аққан су мен табиғи аяздан қатаяды. 2011 жылы айдында VІІ қысқы Азия ойындары кезінде жарыстар өткізілді. Медеу теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 10 500 шаршы метр. Спорткешенде «Медеу» қонақ үйі, сауықтыру орталығы, баспасөз орталығы, мейманхана, 2 жүзу бассейні орналасқан. Қыс мезгілінде демалыс күндері әуесқой конькишілерді сағат таңғы 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қабылдайды.
Мекен-жайы: Медеу шатқалы


8. Республика алаңы. Сәтпаева және Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан алаң тарихтан сыр шертетін мүсіндерге толы. Алаң ортасында орналасқан Тәуелсіздік монументті қазақ халқының дамуы мен қалыптасуын бейнелейді. Кешеннің ортасында тәуелсіздіктің нышанына айналған «Алтын адам» орналасқан. Монументтің төменгі жағында қоладан жасалған ашылған кітап жатыр. Кітаптың бір жағында «Таңда да шаттан» деп жазылса, бір жағында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар. Алаңның жан-жағы су бұрқақтарға толы. Бұл алаңға скэйт пен велосипед тебуге құмар жастар көп жиналады. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған.
3001 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 24 қаңтар 2012, 12:34
Тегтер: Алматы,
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 18:00

қайран менің Алматым - бағым! тұңғыш Президент саябағы ауданында ғана тұрмаппын қалғанының бәрін көрдім))))

+0
25 қаңтар 2012, 00:02

Президент саябағында болмадыңыз ба? Сенбеймін!

+0
25 қаңтар 2012, 15:00

дурыстап оқы, сол ауданда тұрмаппын дедім құдайқұдай

+0
24 қаңтар 2012, 22:54

мен үшін 1,6 ескіріп қалды, Горькийге тек зоопарк үшін барамыз жазда:)

+0
13 ақпан 2012, 11:34

«Арман» кинотеатры, Арбат, Көктөбе біздің әке-шешелеріміздің сүйікті жерлері ғой. әрбір үйде бастарын түйістіріп, осы жерлерде түскен фотолар бар шығар ) ал қазіргі жастар бұл жерлерге бармайды ғой.....

+0
21 ақпан 2012, 13:35

Сайрам суына жетпейді!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...