Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Ұялы телефондарды ұрлауға тосқауыл қойылмақ

Ұялы телефондарды ұрлауға тосқауыл қойылмақ

Ұялы телефондарды ұрлауға тосқауыл қойылмақ

«Телефонымды ұрлап кетеді-ау» деген күдіксіз күн кешу үшін ұрланған телефондардың қара тізімін жасап, IMEI код орнату керек.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың жеке блогына ерекше ұсыныс келіп түскен. Қалта телефондарына қол салатын қылмысты ауыздықтап, ұрлауды тоқтату үшін Андрей Пак мынаны айтады: "Қалта телефондарын ұрлау ең танымал қылмыс түрі екені ешкімге құпия емес. Сондықтан осы қылмысты ауыздықтау үшін ұрланған телефондардың бірыңғай базасын құрып (IMEI код арқылы), ұялы байланыстағы операторға қолды болған ұялы телефонды мобильді желіге қайта қоспауын талап ету керек".

Осылайша ұрланған телефон қайта іске қосылмай қалса, қалтаға қол салу аз болса да, ауыздықталар еді. Бұл тәжірибе Еуропада бұрыннан бар екен.

Андрей Пактың ұсынысына жауап ретінде министр: «Қазіргі таңда байланыс және ақпараттандыру Комитеті мен транспорт және коммуникация Министрлігі бірлесе отырып ұрланған телефондарға арналған IMEI кодтар арқылы тіркелетін бірыңғай базаны дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді.

IMEI анықтамасы (International Mobile Equipment Identity – ұялы телефондарды жабдықтау халықаралақ идентификаторы) әрбір қолданушыға қолайлы 15 саннан тұрады.

Бұл код GSM, WCDMA және IDEN ұялы желілерінде, сонымен қатар басқа да серіктік телефон желілерінде қолданылатын болады. Тіпті қолды болған телефонның SIM-картасын ауыстыру үшін де оператор IMEI код құрылғысы арқылы оны сізге жедел әрі оңай түрде жасап бере алады.

IMEI код қара тізімі Ұлыбританияда, Германияда, Францияда және Австралияда қолданылып, ұрылардың қолын қысқартуға ауыз толтырып айтарлықтай көмегін тигізген.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: tumba.kz

1459 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 11:20
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 11:27

Енді ше, қазір көбінде 100 мыңдық айфон, смартфондар... )

+0
11 қыркүйек 2012, 11:30

ұялы телефонды ұрлатып тұрған дұрыс сияқты...зато, пысық болып жүресіз

+0
11 қыркүйек 2012, 11:31

Араб Әмірлігіндей ұрлыққа түскендерді қолын шауып тастау керек

+0
11 қыркүйек 2012, 15:07

не деген қаталсыз )

+0
11 қыркүйек 2012, 11:32

"Бұл тәжірибе Еуропада бұрыннан бар екен" деш )))

+0
11 қыркүйек 2012, 11:35

уахаххахахаха, ұрлап алып, енді калькулятор құрлым көрмейтін болыпты ғой біздің гопниктер :)

+0
11 қыркүйек 2012, 12:00

Дұрыс болар еді, а то уайымдай бересің

+0
11 қыркүйек 2012, 12:49

Бұл шараның пайдасы шамалы болады-ау, имейді өзгерту бес минуттың шаруасы. Ең бір топас ұры болмаса алдымен имейді өзгертіп тастайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...