7 қыркүйек жауын-шашынсыз болады

7 қыркүйек жауын-шашынсыз болады

Синоптиктердің айтуынша, 7 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде жайлы ауа-райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында жылдамдығы 15-20 м/с жел тұруы мүмкін. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман орнайды деп күтілуде. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында түндегі температура 0-3 градус шамасында болады дейді синоптиктер.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өрт шығу қаупі әлі де сақталады. Алматы қаласындағы температура 25-27 градус шамасында болады. Сонымен қатар, ауа-райы бұлтты болады. Астана қаласындағы орташа температура 22-24 градус шамасында болады деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ngs24.ru