5 қыркүйек елдің көп бөлігінде жаңбырлы болады

5 қыркүйек елдің көп бөлігінде жаңбырлы болады

Синптиктердің болжауынша, 5 қыркүйек күні Қазақстанның көп бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұруы мүмкін. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жылы ауа-райы тек елдік оңтүстік, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысында сақталады. Жылдамдығы 15-22 м/c шамасындағы жел Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында тұрады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қостанай облысында қалың тұман орнап, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде температура 0-3 градус шамасына түседі.

Елдің Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Батыс аймақтарында өрт шығу қаупі әлі де бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: runfatmomrun.blogspot.com