24.KZ кабельдік желілерде қазанда пайда болады

24.KZ кабельдік желілерде қазанда пайда болады

Қазақстандағы алғашқы тәулік бойы жұмыс істейтін 24.kz арнасы елдегі барлық кабельдік желілерде бір айдан соң пайда болады. Бұл туралы телеканал директоры Александр Аксютиц хабарлады.

Қазіргі кезде жаңалықтар генераторын тек спутниктік OTAU TV желісін тұтынушылар ғана тамашалауда. Аксютицтің айтуынша, күндізгі жаңалықтар блогының ұзақтығы - 15 минут. Кешкі жаңалықтар 20 минут, түнгі шығарылым 10 минут. Әрбір жаңалықтар блогының арасында тақырыптық бағдарламалар трансляциялануда.

24.KZ - Отанымыздағы кең форматта, HD сапасында хабар тарататын алғашқы телеканал. Айта кетелік, арна "Хабар" Агенттігі" АҚ құрамына кіреді. Бұл ұжым қызметкерлеріне ақпарат жинау кезінде "Хабардың" тілшілерін тартуына өте ыңғайлы болмақ. Канал басшылығы "әрбір жарты сағат сайын жаңалық" принципі бойынша жұмыс жасайтындығын айтып отыр.

Арна көрермендерге тәулік сайын 48 жаңалық шығарылымы мен 40 ақпараттық тематикадағы бағдарлама ұсынатын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: khabar.kz