Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Алматы шақырады!

Алматы шақырады!

Құрметті алматылықтар, жақында біздің мереке! Ару қала Алматының туған күні жақындап келеді. Мерейлі қаланың мерекесін елеусіз қалдырмас деген ниетпен біз сіздерді осы мейрамға жоспарланып отырған шаралармен таныстырмақпыз. 2012 жыл... Яғни осы жылы қала күнін тойлау 16 қыркүйекке тап келіп тұр.

Бұл жылы алдын ала қала тұрғындарына жаңа үлгідегі мәдени демалыс шаралары ұйымдастырылды. Солардың бірі – Арт-алаңқай мәдени шарасы. Әр екі апта сайын қаланың аудандарында үш күн ішінде үлкен мәдени бағдарламалар өтіп жатты. Арт-алаңқайлар  30 тамызға дейін Медеу ауданында (28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақ), Әуезов ауданында (Family Park), Бостандық ауданында (Тұңғыш Президент атындағы саябақ) өтті.

 

Ал ең қызықты мерекелік шаралар қыркүйек айының алғашқы күндерінде өтеді:

1-16 қыркүйек - Apple-Mix сериясы бойынша арнайы кеш өтеді.

Сонымен қатар, осы күндері (1-16 қыркүйек) Қазақстанның бас-аспазшылары Ассоциациясының ұйымдастыруымен алмадан жасалған бәліштердің ең үздік мәзірлері ұсынылмақ.

6-8 қыркүйек – Абай көшесіндегі Республика Сарайының алдында ашық аспан астында «Оркестрлер шеруі» атты музыкалық фестиваль өтеді.

6-7 қыркүйек – Республика Сарайы алдында «Мисс Топ-модель» байқауы өтеді.

14 қыркүйек – Республика Сарайы алдында «Алматым жүрегімде» атты Алматы туралы сүйікті әндердің қалалық байқауы өтеді.

15-16 қыркүйек – цирк өнерінің алғашқы әлемдік фестивалі өтеді.

16 қыркүйек – Астана алаңында қалалық «AppleFest» атты алма фестивалі мен концерттік бағдарлама өтеді.

19 қыркүйек – Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық Опера және Балет Театрының ұжымы Бибігүл Төлегеновамен бірге жыл сайынғы халықаралық вокалшылар байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты – жас дарын иелері мен классикалық музыкаға әуес жастардың музыкаға деген зейінін арттыру. 

23-30 қыркүйек – қаланың саябақтары мен гүл бақтарында Екінші "Almaty Puppet Carnival 2012" атты әлемдік карнавал өтеді. Арнайы Алматының театрлық қойылымдары мен алаңдарында өтетін бағдарламалар үшін әлемнің 40 мемлекетінен 60-тан аса қуыршақ студиясы өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сіздер ол өнер тарландарының бағдарламаларын Көк-Төбе мен Тұңғыш Президент атындағы саябақтан және цирктен көре аласыздар.

Ендеше, құрметті алматылықтар мен қаламыздың қадірлі қонақтары, осы күндері Алматы алаңдарында ашық аспан астында жүздескенше!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: meloman.kz, aunaoriblog.ru

3462 2
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 тамыз 2012, 15:42
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 16:12

«AppleFest» атты алма фестивалі. Это что-то новенькое ;)

+0
31 тамыз 2012, 16:52

Akerke akparatka rakhmet

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...